к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
159
Міне, осындай ойлардан соң келіп, ресми Баку өз
ұстанымынбіртіндеп қазақстандық нұсқаға қарайойыстырды,
оған 2001 жылдың 29 қарашасында Әзірбайжан Президенті
Г. Әлиев екеуміз қол қойған Қазақстан мен Әзірбайжан
арасындағы Каспий теңізінің түбін межелеу туралы Келісім
мен оның 2003 жылдың 27 ақпанындағы Хаттамасыжарқын
дәлел болды. 2003 жылдың 14 мамырында Алматыда
Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы және
Ресей Федерациясы арасында Каспий теңізі түбінің өзара
шектесетін телімдерінің межелесу сызықтарының түйісу
нүктелері туралы үшжақты Келісімге қол қоюмен Каспий
теңізінің солтүстік бөлігінің түбін межелеу үрдісі аяқталды.
1997 жылдың 27 ақпанында Түрікменстан Президенті
Сапармұрат Ниязовтың Алматыға келген сапары кезінде мен
оны Бірлескен мәлімдеге қол қоюға көндірдім, онда «Каспий
теңізінің мәртебесі бойынша Каспий өңірі мемлекеттерінің
келісіміне қол жеткенге дейін екі жақ аралық сызықтар
жөніндегі әкімшілік-аумақтық шекараларды делимитация-
лауды ұстанатындығы» жазылды. Сөйтіп, Ашхабад ең басты
даулы мәселелер бойынша Қазақстанмен және Әзірбай-
жанмен ынтымақтастықта болды.
Алайда жоғарыда аталған мемлекеттер арасындағы
келісілген ұстанымдарға қарамастан, Каспий өңірінің елі
ретінде Иран, әлі күнге дейін Каспий теңізін каспийлік бес
мемлекеттің арасында бес тең бөлікке (айдынында 20%-дан)
бөлуге көндіргісі келіпжүр. Бұл дегеніңіз қазіргі қолданыстағы
шекараларды өзгерткендік болар еді, сөйтіп Каспий теңізінің
құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға қол қоюдың мүмкін
еместігінің бір себебі болып табылатын еді. Иран іс жүзінде өз
аумағын басқа елдердің есебінен ұлғайтқысы келді.
2002 жылдың сәуірінде Ашхабадта каспийлік мемле-
кеттер басшыларының Саммиті болып өтті. Саммиттің аяқ
астынан өткізілуіне Сапармұрат Ниязовтың каспийлік елдер