ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
158
Мен осының бәрін Каспий теңізінің құқықтық мәртебе-
сіне ресейлік көзқарасты өзгерту үшін Ресей Президенті
Борис Ельциннің көзін жеткізбек болған кезде айттым. Біздің
өзара келіссөзіміздің алғашқы нәтижесінде 1996 жылдың
27 сәуірінде Алматыда Ресей және Қазақстан Президенттері
бірлескен мәлімдемелерге қол қойды. Онда екі жақ
минералдықжәне биологиялық ресурстардыигеру жөнінде-
гі жұмыстарды жүргізуге бір-бірінің құқығын мойындады.
Ақырында, Иран және Әзірбайжан Президенттерімен
де осыған ұқсас құжаттарға қол қойылды. Оларда Каспийдің
құқықтық мәртебесінің негізгі элементтері мен теңіздегі
қызметтерінің қағидалары бекітілді.
1998 жылы 6 шілдеде Б. Ельцин екеуміз Мәскеуде жер
қойнауын пайдаланудың егеменді құқығын жүзеге асыру
мақсатында Каспийдің солтүстік бөлігінің түбін межелеу ту-
ралы Келісімге қол қойдық. Бұл келісімнің қағидалы түрдегі
жаңаша мәні екі жақтың бірлесіп иелену идеясынан біржола
бас тартып, жаңарған аралық сызықтар бойынша Ресей
мен Қазақстан арасында Солтүстік Каспийдің түбін бөлісуге
уәде байласуында еді. Нәтижесінде 2000 жылдың 13 ма-
мырында Мәскеуде Президент Путинмен жоғарыда аталған
Келісімге қосымша болып табылатынжәне өзгертілген аралық
сызықтардың координаттарын белгілейтін Хаттамаға қол
қойылды.
Сонымен қатар Әзірбайжан әу бастан-ақ көл айдыны
нұсқасын батыл жақтаған болатын. Ондай жағдайда ұлттық
секторлардағы теңіздіңжер қойнауымен түбін, беткі айдынын
бөліп, сондағыпайда болғанмежелеу сызықтарымемлекеттік
шекара болып табылатын еді. Олар ұсынған нұсқа қатаң бөлу
үлгісі деп аталды. Мұндай жағдайда сауда, кеме қатынасы,
балық аулау, сондай-ақ экологиялықынтымақтастық, теңіздің
басқадай биоресурстарын тиімді пайдалану және сақтау үшін
қалыптыжағдайлармен қамтамасыз етуде елеулі қиындықтар
тууы сөзсіз еді.