ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
14
кезеңдері арқылы өтті. Бұл дағдарыстар, Латын Америкасын-
да болғандағыдай, жекелеген елдерде төңкерістермен азамат
соғыстарынсыз өтпеді және әлемнің кейбір аймақтарында
қазір де солай өтіп жатыр.
Барлық осы қиындықтар арқылы өте отырып, бір
мемлекеттер өз экономикасын нығайтуға және әлемдік
шаруашылық құрылымында еліктеуге тұрарлық үлгі болуға
жарады. Басқа бір елдерде оның нәтижесі аз болды: олар әлі
күнге дейін өзара қақтығыстардың, тұрақсыздықтың, сыртқы
қарыздардың өсуінен соншалықты ауыртпалық әкелген
экономикалық күйзелістердің шытырман бұғауынан шыға
алмай келеді.
Әрине, бұған әр мемлекетте әртүрлі жағдай болады
деп дау айтылуы мүмкін. Географиялық орналасу жағдайы
мен экономикалық дамуының ерекшеліктері, өткендегі
тәжірибенің өзгешеліг і мен ақыр аяғы адамдардың
менталитеті – осының бәрі реформа нәтижелеріне және
түпкі қорытындыларға объективті әсер етеді. Алайда, менің
пікірімше, объективтік себептер әрдайым айқындаушы
болып табылмайды, өте көптеген жағдайлар осы елдер
басшыларының субъективтік сапасына тәуелді болады. Міне,
сондықтан біздің мемлекетті құруға кіріскенде, мен олар бас-
тан өткерген табыстар мен сәтсіздіктерді білу үшін көптеген
мемлекеттердің негізін салушы тұлғалардың өмірбаянына
көңіл қойып таныстым. Өз елдерінің тарихында аса көрнекті
тарихи рөл атқарған тұлғалар өнегесі жетерлік. Олар
Түркияның тұңғышПрезиденті Кемал Ататүрік, американдық
31-ші Президент Франклин Делано Рузвельт, «қытайлық
реформалардың әкесі» Дэн Сяопин, Малайзияның бұрынғы
Премьер-министрі Махатхир Мохаммад – бұл қатарды әрі
қарай жалғастыра беруге болады.
Бірақ мен мемлекеттердің негізін салушы болып табыла-
тын және мен үшін жеке басының өнегесімен үлгіге айналған