Page 158 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
157
Каспий өңіріндегі әрбір мемлекет, әуелдегі ресейлік ұстаным
шеңберінде, тек 10 мильдік жағалауда және осы шектерде
ғана теңіз түбінің минералдық ресурстарын барлау мен игеру
мақсатында ғана айрықша құқықтарға ие болатын еді. Ал енді
бұл аймақтардан тысқары ресурстарға келсек, ресейлік нұсқа
бойынша, олар бірлесіп иемденуге жатуыжәне жағалаудағы
бес мемлекет өкілдерінен Каспийдің түбі жөнінде арнайы
құрылған Комитеттің басқаруына берілуі тиіс болды.
Ресей 1921 жылдың 26 ақпанындағы РКФСР мен Иран
(Парсы) арасындағы, 1940 жылдың 25 наурызындағы
КСРО мен Иран арасындағы Келісімшарттармен бекітілген
Каспийдің құқықтық режимінің қатаң сақталуы қажеттігін
әрдайым баса көрсетіп отырды. Ресей жағы Каспий теңізіне
1982 жылғы теңіз құқығы жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы
Конвенциясының қолданылуы Волга-Донжәне Волга-Балтық
каналдарын халықаралық су жолдары ретінде мойындауға
апарып соғатынын дұрыс атап көрсетті. Сонымен бірге Ресей
бұл оның заңдарына қайшы келетінін, сондай-ақ Каспий
теңізін басқа мемлекеттер үшін ашық етіп қалдыратынын,
оның Каспийдегі ресейлік мүддеге сәйкес келмейтінін
мәлімдеді.
Ресейлік тұжырымдаманың жүзеге асырылуы жағалау-
лық мемлекеттердің теңіз түбіне жақын аумақтарының ба-
сым бөлігіндегі жер қойнауын игеруде өздерінің егеменді
құқығынан бас тартуын көрсеткен болар еді. Сонымен
қатар, мұндай шешім Каспий ресурстарын барлау мен игеру
мақсаттарына шетел инвестицияларын тартуды қиындатып,
қазіргі бар консорциумдардың жойылуына әкеліп соққан бо-
лар еді. Және де, ақыр-соңында, бірлесіп иемдену идеясының
жүзеге асуы қиын іс екенін, әлемдік тәжірибеде осыған ұқсас
үлгі боларлық оқиға болмағанын атап айтқым келеді. Қазіргі
заманғы халықаралық құқық теңіз түбінің ресурстарын
мүдделі елдердің арасында бөлісу жолымен келе жатыр.