ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
156
құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияныңжобасын ұсынды,
бірақ та, «уақыттың жеткіліксіздігінен» ол егжей-тегжейлі
қарастырылмады.
Дегенмен, бұл бірінші кездесу болды, мұның өзі сонысы-
мен елеулі еді. Келіссөздер үрдісі ақыры«қимылсыз нүктеден»
ілгері жылжыды. Кейінде, 1995 жылдың мамырында, Ал-
матыда тағы бір кездесу өтті, онда біз келіссөздер үрдісін
күшейтіп, оған неғұрлым ұйымдасқан сипат беруге жеттік.
Келіссөздер өте қиын жүрді. Ол негізінен Каспий өңірі
елдерінің Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеудегі
бастапқы көзқарастарының әртүрлілігімен ерекшеленді. Бұл
арада мен жағалаудағы мемлекеттердің Каспий теңізінің
құқықтық мәртебесі туралы ұстанымдарының даму барысын
біршама былайша бейнелеп айтсам деймін.
Қазақстан ұстанымы негізінен Каспийдің біртұтас эко-
логиялық жүйе ретіндегі ерекшелігін ескере отырып, оған
Біріккен Ұлттар Ұйымының 1982 жылғы Конвенциясының
жекелеген ережелерін қолдану мәселесіне байланысты бол-
ды. Теңіздің түбі мен ондағы ресурстарды аралық сызықтар
бойынша межелеу ұсынылды. Су айдынында келісілген
ендіктерде теңіз аумақтары мен балық аулау аймақтарын
белгілеу қажет дедік. Теңіздің қалған бөлігі мен беткі айды-
ны жағалаудағы мемлекеттердің сауда кемелері, сондай-ақ
еркін кеме қатынасыжәне балық аулаудың келісілген квотасы
негізінде балық аулау үшін ашық болуы тиіс еді. Құрлықтың
ішкері жағындағы каспийлік мемлекеттер барлық көлік
құралдарымен басқа теңіздерге және Дүниежүзі мұхиттарына
шығу үшін Ресей мен Иран аумақтары арқылы транзиттің
еркіндігін пайдалануы керек болды.
Ресей Каспийді бірлесіп иемдену негізінде пайдала-
нылатын жалпыға ортақ теңіз деп есептеді: демек, бұл
ұстаным Каспийдің түбіндегі табиғи ресурстармен қоса,
табиғат байлықтарының барлық түріне таралуы тиіс деді.