Page 156 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
155
бастау, шетел инвесторларын барынша көп және тарту то-
лымды түрде мүмкін емес еді.
Келешекте Каспий теңізінің көмір-сутегі ресурстары
Солтүстік теңіз, Мексика бұғазы және басқалар секілді ірі
мұнайлы аймақтармен бәсекелесе алатыны түсінікті болды.
Міне, осыған байланысты Каспий теңізінің проблемасы әу
бастан-ақ аймақтық көлемнен асып, әлемдік маңызға ие
бола бастады.
Сондықтан КСРО тарап, Қазақстан өз тәуелсіздігін алған-
нан кейін, біздің сыртқы саясат ведомствомыз бен Каспий
өңірі елдері арасында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі
туралы келіссөздер жүргізіле бастады. Бұл менің ерекше
назарымда болған аса маңызды мәселелердің бірі еді.
Біз өзіміз үшін басты міндетті айқындап алдық: Каспийдің
қазақстандық секторындағы табиғи байлықтарды игеру
жөнінде Қазақстанның Каспий өңіріндегі барлық мемлекет-
тер мен әлемдік қауымдастық мойындаған, заңдастырылған
өзіндік құқығы болуы керек.
Маған өздерінің күштілігін сезінген және үлкенірек
үлестерден дәмесі бар ұлы мемлекеттердің басшыларымен
қиын келіссөздержүргізуге тура келді.Менжеке өзіме қатысты
жайларда бас­қаларға есе беруіммүмкін екенін әрдайымашық
айтамын. Ал егер мәселе халық пен елге қатысты болса, онда
мен екі жақтыбірдей қанағаттандыратын баламашешімдерді
іздеп табуды ұсынатынмын.
Каспий мәртебесі жөніндегі келіссөздерде де дәл солай
болды.
Алайда біздің белсенді әрекеттерімізге қарамастан, Ка-
спий өңіріндегі мемлекеттер өкілдерінің алғашқы кездесуі
тек 1994 жылдың қазанында ғана Мәскеуде болды. Онда
Иран Каспийлік мемлекеттердің аймақтық ынтымақтастық
ұйымын құру идеясын алға тартты. Ал қазақстандық де-
легация «бестіктің» ішінде бірінші болып Каспий теңізінің