ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
154
кепілдіктер бергенімізбен, теңізде көмір-сутегін барлау мен
өндіру мәселелерінде тек қазақстандық заңдық актілерді
қабылдап қана қоймай, мемлекетаралық келісімдерге де қол
қоюымыз талап етілді.
К
аспий
теңізінің
құқықтық мәртебесі
Каспий теңізін пайдалану құқығының айқын еместігі әу
бастан-ақ Каспий шельфінде мұнай-газ индустриясының
дамуына өзінше бір тежеу болды. Осындай айқын еместіктен
барып бірқатар компаниялар қолайлы күндердің тууын күтіп,
Каспий теңізіне өзінің қатысын тек «нобайлап» қана қойды.
Әрине, Каспийдің құқықтық мәртебесі жөніндегі бұлдыр
лықтан қалыптасқан геосаяси және экономикалық ахуал
бізді қанағаттандырмады. Тарихи жағынан жағдай былай
қалыптасқан-ды: геостратегиялық тұрғыдан алғанда аса
маңызды саналатын бұл айдын 1991 жылға дейін тек Кеңес
Одағы мен Иранның арасындағы өзара қарым-қатынастың
ғана мәселесі болып келді. КСРО тарағаннан кейін бұл
аймақтағы ахуал тіпті шиеленісе түсті. Бұл мәселеге енді
бес бірдей тәуелсіз мемлекет – Әзірбайжан, Ресей, Иран,
Түрікменстан және Қазақстан араласты. Ал мұның өзі Каспий
аймағындағы барлық елдердің ұстанымдары ескерілетіндей
және уақыт талабына жауап беретіндей етіп Каспий теңізінің
мәртебесін қайта қарап, айқындауды талап етті.
Сондай-ақ мәселенің зәрулігін күшейте түскен бір себеп:
1992–1993 жылдардағы жағдайдың қиындығына байла-
нысты Каспий өңіріндегі елдердің барлығы да Каспийдің
бай ресурстарын игеру өздеріндегі экономикалық және
әлеуметтік-саяси жағдайды айтарлықтай жақсартуға кө-
мектеседі деп есептеді. Алайда өзара шектескен ұлттық
секторлардағы Каспий теңізінің құқықтық режимін нақты
айқындап алмайынша, барлау мен бұрғылау жұмыстарын