Page 154 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
153
«Мұнай туралы» Заң еліміздің экономикалық игілігін
нығайту ісінде өзінің тарихи рөлін атқарды. Осы заңның арқа-
сында жер қойнауын пайдалану саласындағы біздің елдің
саясаты анағұрлым айқын әрі алдын ала ойластырылған іс
болды. Біздіңбеделіміз бен атақ-абыройымызжылдан-жылға
өсіп нығая түсті. Елімізге шетелдің мұнай алыптары бірінен
соң бірі келе бастады.
«Қазақстанмұнай ресурстарын тиімді пайдаланып қалу
үшін өзінің алдында қандай зор мүмкіндіктер тұрғаныншын
мәнінде жақсы түсінеді.
...Мұнай ресурстары тиімді пайдаланылуы керек, олар
экономикалық даму бағдарламасына интеграциялануы
тиіс. Мен Қазақстанныңшын мәнінде нақ сол бағытта ілгері
басып бара жатқанына сенемін».
Perseus LLC вице-президенті Р. Холбруктің
Евразия медиа-форумындағы сөйлеген
сөзінен, Алматы, 2004 жылғы 24 сәуір
Қазір жұрттың көбі мұны өз-өзінен бола қалатын факт
деп есептейді. Ал сол кезде біз мұндай күрделі шешімдерді
қоғамның ала-құла қабылдайтынын білдік. Сол кезеңде
көп адамдар бізді отанына және жас ұрпақтың болашағына
сатқындық жасады деп кінәлады. Алайда біз олармен құр
босқа тәжікелесіп жатпай, шетелдік инвесторларға қатысты
мемлекеттік кепілдіктерді нақты айқындамақ болдық. Бізде
мұнай ресурстарын игеру үшін капитал, әсіресе осы заманғы
технология болмады. Қазақстанда ұзақ мерзімді және пай-
далы бизнес жасауға әзір тұрған шетелдік мұнай компания-
ларымен әріптес ретінде жұмыс істедік.
Қабылданған Заң мұнай саласының одан әрі дамуына
тірек және түрткі болды. Алайда құрлықтағы кен орындарын
игеру мәселелері бойынша республика деңгейінде заңды