Page 153 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
152
Жер қойнауындағы мұнай мемлекеттік меншік болып
табылатыны заңмен бекітілді, ал жер бетіне шығарғаннан
кейін оның кімге тиесілі екені Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында
жасалған құқықтық актілермен айқындалатын болды. Заң
біздің елімізде мұнай-газ операцияларын жүзеге асыру
жөніндегі шарттардың бірнеше түрін қарастырды. Олар:
салықтар мен роялти (табиғи ресурсты пайдалану құқығынан
алынатын төлемдерді) төлеуге негізделген концессиялық
шарт, өнімді бөлісу туралы келісім, қызмет көрсету жөніндегі
шарттар еді. Заңға сәйкес, кен барлау жұмыстарын жүргізген
кездегі қаржылық тәуекелдік инвесторға жүктелді. Мыса-
лы, барлау кезінде мұнай көзі табылмаса, инвестордың
жұмсаған қаржысы өтелмейді. Сонымен қатар, инвестор үшін
келісімшарттарда геологиялық-барлау жұмыстарының ең
төмен көлемі көрсетілетін болды, ал оның нақты көлемі мен
ақшалай мөлшерін тиісті мемлекеттік орган тағайындайтын
болды. Барлау мерзімі біткен кезде шарт орындалмай қалған
жағдайда, инвестор ең төмен деңгейдегі жұмыс көлемінің
шартты көрсетілген бағалау құнының пайдаланылмаған со-
масын мемлекеттік бюджетке төлеуі керек.
Заң келісімшарттар бойынша инвесторлар үшін мемле­
кетке де жеткілікті кепілдіктер жүктейтін міндеттемелер
тағайындады, сондықтан олар Қазақстан РеспубликасыПре­
зидентініңЖарлықтарымен жер қойнауын пайдалану туралы
келісімдердің бекітілуін енді қайтып сұрамайды. Заңның
қабылдануы, басқа посткеңестік елдермен салыстырғанда,
Қазақстанның «елдік тәуекелдігін» айтарлықтай азайтты. Заң
жүзінде бекітілген «ойын ережесі» қолдарында болғандықтан,
келісімшарттарға қол қоюға қатысушылар мүддесіне қандай
да бір нұқсан келтірілмейтінін сезінген шетелдік мұнай
алыптары қазақстандық кен орындарын игеруді батыл
инвестициялауға алаңсыз кірісе алатын болды.