Page 152 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
151
мен толықтырулардың тек Президент Жарлығымен енгізілуі
керек-тін. Демек, халықаралық деңгейде заңдық базасыжоқ
мұндай қолапайсыз тәртіп мұнай-газ саласына шетелдік ин-
вестицияларды кеңінен тартуда қол байлау болып шықты.
1994жылдыңортасына қарайменің тапсыруымбойынша
Үкімет «Мұнай туралы» заң жобасын жасау жөнінде жұмыс
бастады. Отын және энергетика ресурстары министрлігінің
басшылық етуімен жұмыс тобы құрылып, оған түрлі мемле-
кеттік органдар, ғылым, заңжәне қаржыинституттары, өндіріс
өкілдері және басқалар кірді. Жұмыс тобы өз қызметінің
бастапқы кезеңінде үлкен қиындықтарға тап болды; өйткені
олар мемлекет мүддесін тиімді қорғайтын және шетел инве-
сторлары қабылдайтын осы заманғы заңжобаларын жасауға
тиісті болды. Бәрінен қиыны қалыптасып қалған менталитетті
жеңіпшығу болды. Қоғам ондаған жылдар бойы өзінің еңбек
қызметінжаппаймемлекеттік меншік негізінде жүзеге асырып
келген. Енді жеке меншік секілді ұғымға үйреніп, тек мемлекет
мүддесін ғана емес, сонымен бірге жекелеген инвестордың
мүддесін де қорғайтын заңды дайындау қажет болды.
Бұған қоса Заң Үкіметтің, түрлі кәсіпорындардың, адам
топ­тарының, шетелдік инвесторлардың мүдделері нақты
тоғысатын ел экономикасының маңызды бір саласындағы
өзара қатынастардың құқықтық негіздерін тағайындайтын
болғандықтан, ол Жоғарғы Кеңесте ұзақ талқылаудың
мәселесіне айналды.
Ал, сондай заң жобасының түпкілікті нұсқасы дайын
болған кезде Жоғарғы Кеңес таратылып жіберілген болатын.
Сондықтан экономикалық реформаларға негіз қалаған 140
маңызды заңдардың бірі –«Мұнай туралы» Заңды Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 маусымдағы
№2350 заңдық күші барЖарлығымен мен қабылдадым. Со-
нымен, осыЖарлықтың арқасында біз қазақстандықмұнайды
игеру тарихының жаңа тарауын бастадық.