Page 151 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
150
болмады. Кәсіпорын кен барлау немесе кен орнын игеру
жұмыстарын жүргізу үшін Мұнай және газ министрлігінің
шешімі бойынша арнайы жер бөлінгеннен кейін ғана барып,
тиісті мұнай операцияларын бастайтын. Сайып келгенде, мем-
лекетпен арадағы кәсіпорындардың немесе жер қойнауын
пайдаланушылардың мүддесі ескерілетін әртүрлі құқықтық
қатынастардың мәні болмады. Ол уақыттағы іс жүзінде
қолданылып жүрген заңдылықтармен, негізінен, өзара
қарым-қатынастың техникалық жағы ғана реттелді.
Тәжірибе көрсеткендей, мұнай операцияларын реттеуші
Заңның болмауы республиканы инвестициялауға кедергі
келтіретін қолайсыз фактор болды. Инвесторлардың қаты-
суымен еліміздің минералдық шикізат ресурстарын игеру
үшін тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде кен орындарында
өз қызметін жүзеге асыратын, отандық кәсіпорындар мен
шетелдік әріптестер арасында бірлескен кәсіпорындардықұру
тәжірибесі пайдаланылды.ЫнтымақтастықтыңнегізіҚазақстан
Республикасы аумақтарында бірлескен кәсіпорындарды
құру туралы келісімшарт болды. Жер қойнауын пайдалану
құқығына, қорыта келгенде, қазақстандық кәсіпорындар
ие болды. Ал шетелдік әріптестер, бірлескен кәсіпорындар
құрамына ене отырып, жер қойнауын пайдалану құқығын
бірлесіп иемденушілерге айналды. Шетелдік инвестиция-
ларды тартудың мұндай түрі іс жүзінде ТМД-ның барлық
аумақтарында кең қанат жайды.
Қаржы салуға ниет білдірген шетелдік инвесторлар,
әрине, неғұрлым салмақты кепілдіктер алғысы келеді.
Мұндай кепілдіктер беретін заңның болмауынан, әрбір
келісімшарттың Парламентте бекітілуі немесе олардың
ел Президенті Жарлығымен бекітілуі тиіс болды. Әрбір
келісімшарт үшінменіңжеке өзімежауапкершілік алуыма тура
келді. Соған сәйкес, ұзақ жылдарға арналған жобаны жүзеге
асыру кезеңінде келісімшарттарға қажет болған өзгертулер