к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
149
екінші кезектегі құрылыс объектілерін–жаңа газ өңдеу зауыты
мен жер қыртысына қажетсіз газды кері айдайтын, сөйтіп
ұңғылардың пайдалану тиімділігін арттыратын жүйелер са-
лудыжоспарлауда. Бұл бізге айына шамамен миллион тонна
мұнай өндіруді ұлғайтуға жағдай туғызады. Екінші кезектегі
объектілер аяқталғаннан кейін кәсіпорынның бүкіл қуатының
өсуі жылына 11-12 млн тонна көмірсутегін құрайды. Нысан-
дар толықтай қуатымен жұмыс істегеннен кейін, Теңіз кен
орнындағы өндіруді жылына 25 млн тоннаға дейін жеткізу
жоспарлануда.
Өткенге көз жібере отырып, жас республика мен «Шев-
рон» арасындағы ынтымақтастық біздің еліміз үшін инвести-
циялық тәуекел деңгейін айтарлықтай азайтты деп айтуымыз
керек. «Ғасыр келісімшарты» сол бір уақытта, тек енді ғана
Қазақстанға инвестиция салу туралы ойлана бастаған басқа
ірі мұнай компанияларына берілген жақсы нышан болды.
Алайдашетел инвестициясын одан әрі тартуда бір ғана «Шев-
рон» өнегесі жеткіліксіз болды. Қазақстанға инвестиция салу
үшін компанияларға заңды кепілдік керек болды. Біз мұндай
кепілдікті тек екі жылдан кейін, Президенттің «Мұнай туралы»
Заңы қабылданған соң барып қана бере алдық.
«М
ұнай
туралы
» З
аң
, 1995
жыл
Біздіңмемлекетіміздің алғашқыдаму кезеңінде-ақ қажет-
ті заңдық базаның болмауына байланысты проблемалармен
жиі кездесіп қалып отырдық. Ол, сірә, мемлекетіміздің сан
алуанбағыттарына қатыстыболса керек. Бұлжағдайда әсіресе
дайындықсыз екендігіміз экономиканың түйінді салаларының
бірі – жер қойнауын пайдалануда айқын сезілді.
Кеңес уақытында бәрі мемлекеттің меншігінде болды,
соған сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығына байланыс-
ты қандай да бір маңызды мәселелерді ресімдеу қажеттігі