Page 149 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
148
«Те­ңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы Келісімге
қол қойылды. Сол күні мен «Теңізшевройл» бірлескен
кәсіпорнының қызметі туралы» Жарлыққа қол қойдым.
Әлемдік ақпараттар агенттіктерінің арналары бойынша
төмендегідей мәліметтер таратылды: «Келісімшартқа сәйкес
бірлескен кәсіпорындағы үлестер мынадай болып бөлінді:
Қазақстан – 50% және «Шеврон» – 50%. Американдық
жақ кен орнының құрылысы мен оны абаттандыру бойынша
барлық шығындарды өзіне алды. Бекітілген келісімшарттың
пайдалану мерзімі – 40жыл. Бірлескен қызмет алаңы– 4мың
шаршы километр. Бірінші кезектегі қаржы салымы– 1,5млрд
АҚШдоллары. Инвестицияныңжалпы көлемі –20млрдАҚШ
доллары. Негізгі мұнай үлесі экспортқа шығарылады. Төрт
онжылдықта, салықтар мен роялти есепке алына отырып,
жалпы кірістер 210 млрд АҚШ доллары шамасында, ал
шығындар – 83 млрд АҚШ доллары шамасында болады,
сонда болжанған кірістердің 80%-ы Қазақстанға қалады.
Осы төрт онжылдықта Теңізде – 775 млн тонна мұнай, 32
млн тонна пропан, 55 млн тонна жеңіл көмір-сутегін, 96 млн
күкірт өндіру жоспарлануда».
Келісімшартқа қол қойыла салысымен-ақ, сын дегеніңіз
қар­ша борады. Америкалық басылымдар «Шевронды»
бұл жобаға тәуекел етіп барғаны үшін, ал ресейліктер бізді
американдықтарға сатылып кеткеніміз үшін сынады.
Алайда бұл сындардың бәрі негізсіз еді. Қазақстан мен
«Шеврон» бұлайша тәуекелге барудың қауіптілігіне және
келешектің соншалықты айқын еместігіне қарамастан, тыңнан
жол салушылар, американдықтар айтқандай, пионерлер бол-
ды, есесіне келер жылдары біздің еңбегіміз толықтай ақталды.
Тек өткен 2005 жылдың қорытындысы бойынша «Теңіз­
шевройл» ЖШС 13 млн 657 мың тонна мұнай өндірді.
Кәсіпорын мұнайға қоса жолай 4 млрд 67 млн текше метр
газ алды. Бұдан басқа, 2007 жылы «Теңізшевройл» ЖШС