к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
147
дұрыс болды, біраз уақыттан соң «Шеврон» біздің шартқа
көнді. Әрине, кішігірім мәселелерде біздің де олармен
келісуімізге тура келді. Мысалы, Теңіз мұнайын барлау
мен игеруде жер мөлшері 2 мың шаршы километрден
4 мың шаршы километрге дейін ұлғайтылды.
1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республи-
касы Үкіметі мен «Шеврон» корпорациясы арасында
«Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру жөніндегі
ынтымақтастық принциптері туралыХаттамаға қол қойылды,
соған сәйкес «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны 1993
жылдың 1 қаңтарынан Теңіз және Королев кен орындарын
одан әрі игеруге кірісетін болды.
Сонан кейін, мен 1992 жылдың мамыр айы аяғында
АҚШ Президенті үлкен Джордж Буштың шақыруы бойын-
ша Америка Құрама Штаттарына тұңғыш ресми сапармен
бардым. Сапар барысында АҚШ Президенті Дж. Бушпен,
Мемлекеттік хатшыДж. Бейкермен, Қорғанысминистрі Р. Чей-
нимен, Қаржы министрі Н. Брейдимен, Ауыл шаруашылығы
министрі Э. Мэндиганмен, АҚШ Конгресінің сенаторлары-
мен, «Шеврон» корпорациясының директор-басқарушысы
К. Деррмен кездесулер болды. Менің өмірлік тәжірибем
көрсеткендей, келіссөздердің әу басында-ақ әріптестермен
жекелеген, достық әрі сенімділік қатынастар орната білу өте
маңызды. АҚШ-қа барған алғашқы сапарымыздың бары-
сында біз солай істедік.
Осы сапар кезінде біз екіжақты келісімдерге, соның ішінде
сарапшылар «ғасыр келісімшарты» деп атаған, Қазақстанның
Теңіз және Королев мұнай кен орындарын игеру жөніндегі
«Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны туралы құрылтайлық
келісімге қол қойдық. 1993 жылдың 6 сәуірінде Алматыдағы
«Достық үйінде» мен және «Шеврон» корпорациясының ди
ректор-басқарушысыКеннет Дерр екеуміздің қатысуымызбен
болашақ келісімшарттың негізгі параметрлері ескерілген,