Page 147 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
146
шерінде белгілеуді ұсындық, сонымен қоса бірлескен
кәсіпорындағы американдықтарда – 38%, КСРО-нікі – 62%
болған одақтық үлесті қайта қарау қажеттігін айттық.
Бесіншіден, роялти (табиғи ресурсты пайдалану құқы-
ғынан алынатын төлемдер) мөлшері. «Шеврон» 7%-ға
тоқтауды ұсынды, бүкіл әлемде роялти жобадан түсетін
пайдаға байланысты орташа есеппен 17% шамасында бо-
латын.
Алтыншыдан, саяси тәуекелдік деңгейі. Американдықтар
оны Латын Америкасы мен Африкадағы инвестициялық
тәуекелден бірнеше есе жоғары бағалады.
Жетіншіден, біз жер пайдалану үшін ақыны өсіруді,
сондай-ақ бонустар мөлшерін 50 млн АҚШдолларынан 100
млн АҚШ долларына дейін өсіруді ұсындық. Және де жер
қойнауын пайдаланғаны үшін төленетін ақыны 10 млрд АҚШ
долларынан 25 млрд АҚШдолларына дейін өсіру ұсынылды.
Келіспеушілікті тудырған жалпы соманың мөлшері 17 млрд
АҚШ долларына жуық болды.
Нәтижесінде осының бәрі келіссөздерді тығырыққа
әкеп тіреді. «Шеврон» біздің негізгі талаптарымыз бойынша
айтылғандарға көнгісі келмеді. Бірақ біз оқиғаның осылайша
өрбуіне дайын едік. Біз қолайлы сәтті пайдаланып, тәуекелге
белбайладық. 1992жылғынаурыздыңаяғындақазақстандық
жақ, егер де «Шеврон» айтқанға көнгісі келмесе, онда олар-
мен келіссөздерді тоқтатуға және Теңіз кен орнын игеру
жөнінде халықаралық конкурс жариялауға мәжбүр екенін
жариялады. Бізде әлі мұндай конкурстар жүргізу үшін заңдар
жоқ болса да солай еттік.
Алайда мен ымыраға келу табысқа жетудің маңызды
шарты екенін түсіндім. «Шеврон» да ымыраға келгісі
келетінін біз білдік. Алдымен біз мұндай ымыраға кел-
мес бұрын, өз елімізге зиян келтірмей, көнуге мүмкін
болатындай шекті нақтылап айқындадық. Бұл есебіміз