Page 146 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
145
келіссөздерді халықаралық құқықтың дербес нысаны ретінде
жүргіздік. Дегенмен, келісімдербойынша бірден келіспеушілік
пайда болды.
Мен бұл арада келіссөздерді терең талдап зерделеуім
қажет болғанын айтуға тиіспін. Мұндай сәттерде мәселенің
мәнісін түбегейлі анықтап білу басты күшке айналды. Біз
келіссөздер кезінде Қазақстанның болашақ тағдыры шеші-
летінін түсіндік. Әңгімені байыпты есептер мен бұлтартпас
дәлелдерге негіздей отырып, төмендегідей мағынада жүр-
гізу талап етілді.
Біріншіден, Теңіз кенішінде атқарылған істерді қалай
бағалау керек? «Шеврон» жұмсалған шығындарды бізге
өте тиімді рубль бағамы бойынша (жайшылықтағы есеп
айырысу кезіндегіден 35% кем) есептеуді ұсынды. Алайда
мұндай алдаусыратқан ұсыныстарға көнуге болмайтын еді,
өйткені ол уақытта Теңіздегі тек жаңа қондырғылар құнының
өзі 850 млн АҚШдолларына бағаланған, оның үстіне кенішті
жұмысқа бейімдеп абаттандыруға 1,5 млрд рубль шамасын-
да шығындалған болатынбыз. Нәтижесінде біз жұмсалған
қаржыны дербестік жолымен бағалауды ұсындық.
Екіншіден, жобаны инвестициялау схемасы сұрақтар
туындатты. Несиелерді кім алуы керек? Жобаны қаржылан-
дыру қалай жүзеге асырылады? Біз «Шевронның» тек бірлес-
кен кәсіпорындарды құруға қатысып қана қоймай, оған тіке-
лей және қомақты түрде атсалысуын талап еттік.
Үшіншіден, біз Теңізді барлау мен игеруге әуелгіде
бөлінген аумақтарға қарсыболдық. «Шеврон»23мыңшаршы
километр аумақ қажет дегенді айтты, ал мұны қазіргі Атырау
облысының аумағымен салыстыратынболсақ, оның өзі небәрі
118,6 мың шаршы километр ғана еді. Бұл біз үшін тиімсіз
болды. Біз 2 мың шаршы километр болсын дедік.
Төртіншіден, біз пайдадан алынатын американдықтардың
үлесін 13%-ға дейін, ал қазақстандықтардікін 87% мөл-