ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
144
мен келіссөздерді жүргізу жөнінде Қазақ КСР Министрлер
Кеңесіне өкілеттік берілуінеМәскеуді көндірдім де: Қазақстан
үкіметі неғұрлым тиімді шарттарға жетеді, – деп сендірдім.
Кеңестік басшылық бұған келісті. 1991жылдың 23шілдесінде
Мәскеудегі Қазақ КСР-інің Тұрақты өкілеттігінде «Шеврон»
өкілдеріне келіссөздерде жоба бойынша жаңа шарттар
талқыланатынын хабарладым.
Мұның алдындағы түнніңжарымынан астамын Горбачев-
пен және басқа да одақтас республикалардың лидерлерімен
жаңа одақтық келісімшарттар жөніндегі келіссөздермен
өткізгенбіз. Тура бір аптадан кейін мен Горбачевпенжәне Ель-
цинмен кездестім. Ондағы ойым – жанжалдасқан екі жақты
татуластыру және ұсынылған одақтық келісімшартты түпкілікті
қалыпқа келтіруге тырысу болатын. Одан келесі күні ядролық
қауіпті қысқарту жөніндегі «Старт-2» келісімшартына қол қою
үшінМәскеуге келген АҚШПрезиденті үлкен ДжорджБушпен
кездестім. Біз «Шеврон» мен «Теңізмұнайгаз» арасындағы
келіссөздердің барысын бүге-шігесіне дейін талқыладық, ол
жобаға қолдау көрсетуге келісті.
АҚШ Президенті келіссөздер кезінде М.С. Горбачевтың
не айтқанын білгісі келді. Мен оған кен орнының барлық
қиындықтары, мысалы, соның ішінде құрамында күкірттің
жоғары болуына және тағы басқа жағдайларға байланысты
технологиялық тасымалдың жоқтығы туралы егжей-тегжейлі
айттым. Ол разы болып қалды. Әлі есімде, менен Джордж
Буш: «Сіздің біліміңіз мұнайшылық емес пе?» деп сұраған.
Мен оған: «Жоқ, мен металлургпін, бірақ өмір экономиканың
барлық саласын түсініп білуге мәжбүр етеді» деп жауап
бергенмін. 2006 жылы үлкен Дж. Буштың үйінде қонақта
болғанымда, ол осы жайды еске түсіріп, мені содан бері
білетінін айтты.
Бұл Қазақстан үшін қиын кезеңде қабылданған дұрыс
шешім болды. Үш аптадан соң, КСРО мемлекет ретінде өмір
сүруден қалды. Одақ құлағаннан кейін Теңіз жөніндегі барлық