Page 144 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
143
экономика және қаржы жүйелерін, инвесторлардың ақша
салуына жағдай туғызатын заңдарды егжей-тегжейлі зерде-
леуге, сондай-ақ инвестициялаудың тетіктерін қарап шығуға
мүмкіндік берді.
Осы«теориялық»сабақтарға, ісжүзіндесол«Шевронның»
өзі де нақты мысал болды. Бұл күні бүгінге дейін жалғасып
келе жатқан жаңа сабақ алуымның жақсы бастамасы еді.
Бүгінде доктор Ч. Бэнг білімнің қазіргі заманғы барлық
талаптарына жауап беретін, еліміздегі ең үздік жоғары оқу
орны – ҚМЭБИ-ге басшылық етуде.
1991 жылдың бірінші тоқсаны аяғында «Шеврон» ком-
паниясы мен «Теңізмұнайгаз» бірлескен кәсіпорындар құру
туралыкелісімжобасыменалдын-алажасалатын техникалық-
экономикалық негіздемені дайын етті. Бұл ТЭН мен жобаны
КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитетінің сарапшылар тобы
қарастырып, бекітуі керек болатын. Алайда техникалық қана
емес, басқа да қиындықтар туындады.
1989–1990 жылдары КСРО-дағы саяси жағдай күрт на-
шарлап кеткені белгілі. 1991 жылдың жазында Борис Ельцин
өз кандидатурасын Ресей Президенттігіне ұсынып, бұрынғы
Бас хатшы, ол кезде Президент М. Горбачевпен және СОКП
басшылығымен ашық жанжалда болды. Бір жағынан Ельцин
Егор Гайдар секілді өз жақтастарының көмегімен «Шеврон»
мен «Теңізмұнайгаз» арасындағы бірлескен кәсіпорынды
елдің мүддесіне жауап бермейді деп сынға алды. Гайдар
келісімге тікелей өз сараптауынжүргізді. Теңіз мұнай кен орны
мәселесін шешудің орнына оны саяси ойынға айналдырды.
Осы дүрбелеңнің нағыз қызған шағында тағы да үшінші бір
комиссия құрылды, ол да ұсынылған келісімшарттарын сынап
шықты.
1991жылдың ортасына таман жобаның ілгері баспайты-
ны түсінікті болды. Бұл кезеңде біз батыл қимылдарға көштік.
М. Горбачевтың кезінде Президенттік Кеңестіңмүшесі ретінде