ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
142
еді. Мәскеу орталық биліктің шайқалған негізін нығайту үшін
бәріне даяр болды. 1988 жылдың өзінде-ақ КСРО Мұнай
және газ өнеркәсібінің министрлігі мен «Шеврон» арасында
Королев кен орнын игерумен айналысуға тиіс «Совшев-
ройл» бірлескен кәсіпорнын құру ниеті туралы хаттамаға қол
қойылған. Бұл құжатқа біздің қатысуымызсыз қатаң құпия
жағдайда қол қойылды. Бірақ КСРО-ның құлауымен одақтас
республикалардың егемендігін алу үрдісі күш алып келе
жатқан, бір жылдан соң Мәскеу бізді американдықтармен
болатын келісімдерге тартып қана қоймай, біздің қоятын
шарттарымызбен санасатын болды.
1990 жылғы маусымда «Шеврон» басшылығымен
алғашқы ресми келіссөздер жүргізілді. Американдық «Шев-
рон» мұнай компаниясы мен сол уақытта КСРО Мұнай және
газ өнеркәсібі министрлігі жүйесіне кіретін қазақстандық
«Теңізмұнайгаз» өндірістік бірлестігі арасында ниет білдіру
туралы Хаттамаға қол қойылды. Осы Хаттамаға сәйкес,
«Шеврон» компаниясы Теңіз және Королев кен орындары
бойынша техникалық-экономикалық негіздерді дайындауға
және «Теңізмұнайгазбен» бірлескен кәсіпорындар құру
туралы ықтимал келісімдер жөнінде келіссөздер жүргізуге
міндеттенді.
Аталған Хаттамаға қол қойылғаннан кейін мен алғаш рет
Америка Құрама Штаттарын аралап, үш аптаға жуық Нью-
Йоркте, Вашингтонда және «Шеврон» корпорациясының Ка-
лифорния мен Луизиана штаттарындағы кәсіпорындарында
болдым.
Сол уақытта менМәскеуде Сан-Франциско университеті-
нің профессоры, шығу тегі жағынан корейлік болып келетін
американдықЧанЯнБэнгпен танысқанедім. Соныңкөмегімен,
АҚШ-та болған үш апта уақыт ішінде, мен экономика, қаржы
және құқық мәселелері бойынша кәсіби мамандармен
әңгімелесіп, біраз нәрсе үйрендім. Бұл әңгімелер АҚШ-тың