Page 142 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
141
оның «Шеврон» компаниясымен жасасқан келісімшарты
болды. Бұл келісімшарт барлық кейінгі келген инвесторлар
үшін белгі болды. Ол, шын мәнінде, біздің экономикалық
тәуелсіздігімізге негіз қалаған «ғасыр келісімшарты» атанды.
Бірақ оған шейін де үздік-создық келіссөздердің талай жыл-
дары тұрған еді, енді сол туралы айтпақпын.
«Ғ
асыр
келісімшарты
»
80-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың ба-
сында-ақ «Шеврон» Теңіз кеніші туралы КСРО-мен келіс-
сөздер жүргізген, бірақ КСРО басшылығы мұнай қорын
шетелдіктердің игеруіне барынша бөгет болып, жол бермеді.
Ресейлік мұнай өнеркәсібінің жақтастары Теңіздегі мұнай
қоры туралы білетін, сондықтан Теңіздің басқалардың
қолында болуын қаламады.
Сол уақыттың өзінде Теңізде жыл сайын шамамен 3 мил-
лион тонна мұнай өндіретін 60-қа жуық ұңғы жұмыс істеді.
Өнім көлемін 15 есе арттырудың мүмкіндігі болды, тек ол
үшін орасан зор қаржы мен инновациялық технологияны
пайдалану қажет еді. Сол кезеңде Мәскеуде олардың бірі
де болмады, сондықтан СОКП Орталық Комитеті шетелдік
инвесторларды тарту туралы оймен келісуге мәжбүр болды.
Мәселе тек кімді тарту керектігіне тірелді.
Барлық ұсынылған инвесторлардың арасында жапон-
дықтар, ағылшындар мен итальяндықтар болатын, Мәскеу
өз таңдауын американдық «Шеврон» компаниясына жасады.
«Шевронмен» келісімге қолжетті, сондай-ақ Теңіз кен орнына
жұмсалатын инвестициялармен қатар КСРО-ның ішкі рыно-
гын сапалы мұнай өнімдері тауарларымен толтыруға тиісті
бірлескен әртүрлі кәсіпорындар құрылатын болды.
Сөз жоқ, бұл таңдау кезінде Мәскеуге күшті ішкі және
сыртқымүдделер тарапынан қысымкөрсету болмай қалмаған