ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
140
2. Теңіз (жалпы барлау жүргізілген, алынатын мұнай
қоры 237,3 млн тонна, газ – 687,3 млрд текше метр);
3. Қарашығанақ (жалпы барлау жүргізілген, алынатын
мұнай қоры 1 млрд 318,7 млн тонна, газ – 684,4 млрд
текше метр)».
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі
Қазақстан тәуелсіздік алумен бірге орасан зор пробле-
маларға, соның ішінде тәуелсіз Қазақстан экономикасын
алға сүйреуші – мұнай өндірісі саласына инвесторлар тарту
мәселесіне тап болды.
Біздің алдымызда Каспийдің шикізат байлығы үшін
Мәскеумен арада ұзақ күреске төтеп беру міндеті тұрды.
Ресейдің мұнайшыл жақтастары Ельцинді Теңіз кен орнын
Ресейменшігіне алуға итермелеп, қаттықысым көрсетті.Міне,
осыған байланысты Ельцинмен арада көптеген қолайсыз
әңгімелер болды.
Бірде Мәскеуде Ельцинмен болған кездесуде ол маған:
«Теңізді Ресейге беріңдер», деді. Мен бетіне қарадым,
байқаймын, қалжыңдап тұрған жоқ. «Жә, егер де Ресей бізге
Орынбор облысын берсе, өйткені Орынбор Қазақстанның
астанасы болды ғой» деп жауап қаттым. Ол: «Сіздің Ресейге
жер жайында айтатын дауыңыз бар ма еді?» деді. «Ә, жоқ»,
дедім. Ол күліп жіберді, мен де күлдім.
Ресейде мұндай күрделі кен орнын игеру үшін қаржы
мен технология жоқ болатын. Егер де сол кезде Теңіз
ресейліктердің иелігінде қалса, олар бұл кен орнын жауып
қойып, Қазақстан экономикалық жағынан кіріптар болып
қалатын еді.
Республикамыздың бүкіл мұнай саласының одан әрі
дамуына ықпал еткен Қазақстанның алғашқы елеулі табысы