к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
139
тартуға байланысты еліміздің ішінде, сондай-ақ таяу шет
елдерде қарсыластарымыз көбейді. Бізді отанына сатқындық
жасады, сонымен қатар өз ресурстарын тиімді пайдалана
алмай, шетелдік мұнай компанияларына тәуелді болған
Нигерияның қайыршылық жағдайына душар етеді деп
айыптады. Соған қарамастан, біз жаңа-жаңа аяғын қаз
басқан жас республикамыздың әлеуметтік және эконо-
микалық дамуы, сондай-ақ мемлекеттің стратегиялық
қауіпсіздігі үшін мұнай-газ саласының маңызды екенін
ұғындық. Осыған орай 1992 жылдың өзінде қазақстандық
мұнай-газ индустриясын одан әрі дамыту жөніндегі жақсы
ойластырылған перспективалық жоспарды жасауға көп
күш-жігерімізді жұмсадық.
Әсіресе бұрын-соңды кездеспеген қиындықтар көп бол-
ды, алайда басты стратегиялық мақсатқа – мұнай өндірудің
деңгейін арттыруға қалай болғанда да жеттік. Егер де Кеңес
Одағы тарағаннан кейінгі жылдық мұнай өндірудің деңгейі
1991 жылғы 25 миллионнан 1994 жылы 20 миллионға
дейін төмендесе, ал одан соңғы жылдары оның жедел өсуі
байқалды.
АтырауоблысындасонауКеңесОдағытұсында-ақмөлшері
1 миллиард тоннаға жуық мұнай қоры барланған 75-тен
астам кен орны табылған еді. Тәуелсіздік жылдары біз
солардың мөлшері 846 млн тоннадай қоры бар 39 кенішін
игердік. Бұдан басқа 7 кен орнында дайындық жұмыстары
жүргізілді. Ал тағы да 25 кеніш барлауға дейінгі жұмыс
кезеңінде болды.
«Ең ірі кен орындарынан мына төмендегілерді атап
өтуге болады:
1. Қашаған (жалпы барлау жүргізілген, алынатын
мұнай қоры 1 млрд 648 млн тонна, газ – 969 млрд текше
метр);