Page 139 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
138
налар мен қондырғылардың, инвестициялық капиталдың,
сондай-ақ батыстың мұнай компанияларымен жұмыс
тәжірибесінің қатаң жетіспеушілігін сезінді. Өйткені басты
мәселе – мұнай өндірудің көлемінде емес, оны әлемдік
нарықта өткізе білуде болды.
Алайда тәуелсіздік алған кезеңде біздің менеджмент
әлемдік нарықта әрекет етіп, табысты бәсекелестікке түсе
алатындай соншалықты қазіргі заманға лайықты және
озық болмады. Кеңес кезеңінде жасалған республиканың
ішкі тасымалдау жүйесі егемен мемлекеттің талаптарына
жауап бере алмады, халықаралық нарыққа шығу мүмкіндігі
шектеулі болды. КСРО тарағаннан кейінгі кезеңде мұнай
құбырының үлкен бөлігі Ресей аумағында қалып қойды,
мұның өзі посткеңестік кеңістіктегі біртұтас мұнай-газ секто-
ры жұмысының пайдалылығы мен тиімділігіне айтарлықтай
әсер етті. Кеңестік уақытта көңіл бөлінбей келген қоршаған
ортаны қорғау мәселесі өте өткір сезіліп тұрды.
Мен мұнай ресурстарымызды тиімді де сапалы игеру
үшін кен барлау жұмыстарында, көмір-сутегі шикізатын
өндіру мен өңдеу, оны тасымалдау салаларында аса бай
тәжірибесі бар дүние жүзінің ірі мұнай компанияларымен
кең ынтымақтастықтың қажеттігін түсіндім. Әлі Қазақстан
өз тәуелсіздігін алып болмаған кездің өзінде әлемдік мұнай
өнеркәсібі алыптарымен келіссөздер жүргізе бастадым.
Иә, алғашқы кезде қиын болды. Бізде шет елдермен ке­
ліссөздер жүргізу тәжірибесі болмады. Турасын айтқанда,
мұның бәрін келіссөздер уақытында үйрендік. Мен әрдайым
өзіме-өзім: «Бұл келісім халықаралық стандарттарға сай келе
ме? Келешекте ол Қазақстанның мүддесіне кесірін тигізбей
ме?» деген сұрақтар қоюмен болдым. Біздің біліміміз бен
беделіміз жеткілікті емес еді. Жаңашыл, тың идеялар мен
қиын-қыстау кезеңдерде жұмыс істеу тәжірибесі бар адам-
дар қажет болды. Өте қиын болды. Шетелдік инвесторларды