Page 138 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
137
Э
кономикалық
тәуелсіздіктің
іргетасы
ретіндегі мұнай
Қатаң кесімді бағамен орталықтан жоспарлау тәртібі
белең алған КСРО құрамында бола тұрып, одақтас респуб-
ликалардың әрқайсысы еңбек бөлінісінде белгілі бір орынды
иеленді. Қа­зақстан, негізінен, шикізатпен, азық-түлікпенжәне
әскери өнім­дермен қамтамасыз етуші болып табылды.
Біз «темір перденің» жағдайында өмір сүрдік және бүкіл
сауда-саттық Одақтың ішінде жүргізілді. Барлық өнеркәсіп,
энергетика, көлік, мұнай-газ құбырлары, байланыс пен сауда
бүкіл КСРО-ның қажеттеріне бағытталды. Сондай жағдайда
Қазақстанның батысын шығысымен жалғайтын тікелей көлік
қатынасы болмады.
Қазақстанның қызметі жөніндегі барлық экономикалық
және саяси шешімдерМәскеуде қабылданды. Мысалы, бізге
өнеркәсіптің небәрі 7%-ын басқаруға мүмкіндік берілді,
ал Мәскеудің билігінде өнеркәсіп пен инфрақұрылымның
93%-ы болды. Сауданың жеке үлес салмағы РКСФР-мен
арада – 75%, Украина КСР-мен арада – 15%-ды құрады, сол
себепті Қазақстанның ішкі экспорттық әлеуеті тар шеңберде
ғана мамандандырылған болды.
Қазақстанға мұнай саласында Одақтың құбыр жүйесіне
шикізат өндіру мен тауарлымұнайды тасымалдапжеткізу рөлі
берілді. Сонымен қатармұнай-газ кәсіпорындарының қызметі
тек кен орындарындағы операторлықпен ғана шектелді.
Экономиканың мұнай жобалары, мұнай және газ экспорты
мен маркетингі мәселелерінМәскеу өз құзырында қалдырды.
Мұнай өнеркәсібінің жоғары әлеуетінің жеткілікті болға-
нына қарамастан, Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылда-
рында мұнаймен газды барлау, игеру, өндіру, өңдеу және та-
сымалдау салаларында елеулі қиындықтар мен кедергілерге
тап болды. Мұнай-газ өнеркәсібі технологиясының, маши-