Page 137 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
136
1985 жылы М. Горбачев билікке келгеннен кейін «қайта
құру» басталды.
Мұнай өнеркәсібі және де бүкіл экономика ресурстарды
үнемдеу және ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, өнім
өндіруді ұлғайту, тиімді өндірістік инфрақұрылымды құрып,
ауыр қол еңбегін пайдалануды жою жөніндегі міндеттерді
шешуді талап етті – мұның бәрі экономиканың бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға, демек, қыр соңымыздан қалмай төніп
келе жатқан күйреуден құтылуға жеткізетін еді.
Бірақ реформалауды жария еткен бағыт жинақталып
қалған барлық проблемаларды шешпеді. Әуелгіде ре-
форматорлар әлде бір жартыкеш шаралармен шектелгісі
келді, ал шындығында тек мұнай саласы ғана емес, бүкіл
экономикалықжүйе түбірлі қайта құруды талап еткен еді. Одақ
басшылығы экономикадағы үйлесімсіздіктің басты себебін
жоюға – жоспарлы бағаның қалыптасуынан бас тартуға,
сөйтіп артық сұранымдыжойып, шаруашылық ағзасының ішкі
тұрақтылығын қалпына келтіруге бара алмады.
Экономиканы реформалаудың кеңестік кезеңінің нәти-
жесінде өндіріс көлемі қысқарды, ақша құнсызданды,
бюджеттің тапшылығы молайды, халықтың тұрмыс деңгейі
құлдырады. Жалпы дағдарыс мұнай өнеркәсібін де сырт ай-
налып кетпеді. Дәл сол уақытта жоспарлы шаруашылықтан
нарыққа ауысу жөнінде кезең-кезеңімен кең көлемде рефор-
малар жүргізу мүмкіндігін уыстан шығарып алдық.
Одақта саясат әрдайым экономикадан үстем тұрды. Сон­
дықтан Одақ басшылығы мен РКФСР Жоғары Кеңесінің тай-
таласы түріндегі қосөкіметтілік елдегі мемлекеттік басқарудың
берекесін кетірді, осы «саясаттан», шын мәнінде, жүйедегі
шалыс басудан бүкіл экономикалық реформалар барысы
тұралап қалды. Бұл бүкіл кеңес жүйесінің дағдарысын одан әрі
шиеленістіре түсті. КСРО-ның құлауы соның жалпы нәтижесі
болды.