к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
135
(9 тамыз 1942 ж.) ғана жаулап ала алды. Бірақ оның да
инфрақұрылымын шегініп бара жатқан Қызыл Армияның
әскерлері түгелдей әдейі істен шығарып кеткен-ді.
Фашистік Германия үшінКСРО-ныңмұнайлыаудандары
қаншалықты маңызды болғанын тағы бір факт дәлелдейді.
1943жылдың қысында Гитлер Кавказ бағытындағы армия-
сының үлкен бір бөлігін, неміс генералитетінің қаншама
үгіттеуіне қарамастан, Сталинградқа жіберуден бас тар-
тады».
Даниэль Ергин, «Добыча», 2003 жыл
1943–1945жылдары тұңғышқазақстандық мұнай өңдеу
зауыты – Каспий аймағы экономикасындағы жаңа саланың
пионері – Гурьев мұнай өңдеу зауыты салынды. Дәл осы
уақыттан былай қарай Қазақстанда көмір-сутегі шикізаты
өнеркәсіптік жолмен өндіріле бастады.
Алайда Қазақстанның мұнай өнеркәсібі дамуының
бұзып-жарып нағыз алға шығуы 1979 жылдың аяғында
Атырау облысындағы Теңіз мұнай кен орнының ашылуы
болды, бүгінде ол әлемдегі ең ірі бес мұнай кен орындарының
қатарына кіреді. Одан кейін Батыс Қазақстан облысындағы
Қарашығанақ алып мұнай-газ конденсатының кен орны
ашылды.
Сонымен бірге, Қазақстан өзінің жер қойнауында осын-
дай қымбат қазыналары бола тұра, өзін-өзі солардың нақты
иесі ретінде сезінбеді. Мұнай саласы кәсіпорындарының
барлығын одақтық министрліктер басқарды. КСРО-ның
жоғарғыпартиялық басшылығыбіздің көмір-сутегі шикізатын
өз күшімізбен игеріп, өндіруімізге жол бермеді, барлық
бастамаларымызға қызғанышпен қарады. Біз барлық
жағынан, тіпті қондырғылармен өнімдерді жеткізуден бастап,
ақыр аяғы КСРО-ның түпкір-түпкірінен келген кадрлардың
даярлануына шейін орталыққа тәуелді болдық.