ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
134
әрі қарай қазақстандық шикізат теңіз арқылы Бакуге жөнел-
тілді.
Алайда заман өзгеріп, бәрі, соның ішінде Қазақстанның
жаңа қалыптасып кележатқанмұнайөнеркәсібі де қатал уақыт
сынына тап болды. Біздің халқымызды алда – 1916 жылғы
Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың, 1917
жылғы Қазан төңкерісінің, 1921–1922 және 1931–1932
жылдардағы, бүкіл елдің 40 пайызын қырғынға ұшыратқан
сұмдық ашаршылықтардан туындаған үлкен сілкіністер мен
қасіреттер күтіп тұрды.
Кеңес өкіметінің келуіменмұнай саласымемлекет иелігіне
алынып, барлық компанияларжойылды. 1920жылыолардың
негізінде Орал-Ембі аймағындағы мұнай қорын өндірістік
жолмен игеру үшін, алғашында Мұнай кәсіпшіліктерінің
басқармасы, ал кейінде «Эмбанефть» тресті құрылды.
Қазақстан мұнайы туралы алғаш Ұлы Отан соғысы жыл-
дары ашық айтыла бастады. Кавказ мұнайынан айырылып
қалу қаупі және Қызыл Армия үшін жанар-жағар маймен
қамтамасыз етудегі іркілістер кеңес үкіметі басшылығын
алдымен мұнайдың бір бөлігін өндіруді, содан кейін оларды
өңдеуді Гурьевке ауыстыруға мәжбүр етті.
«Германия қолбасшылығы өз әскері үшін қажетті жаб-
дықтарды жеткізіп беруде, әсіресе жанар-жағар маймен
қамтамасыз етуде елеулі қателіктер жіберді. Ол 1942
жылдың алғашқы айларында герман әскерлері «Блау»
атты соғыс операцияларын жүргізе бастады. Ондағы бас-
ты мақсаты КСРО-ның мұнайлы аудандары – Майкопты,
Грозныйды, Бакуді жаулап алу болатын. Сол үшін 15 мың
адамнан тұратын арнайымұнай техникасыменжарақтанған
бригада құрылды, олар басып алынған мұнай ұңғыларын
қайта қалпына келтіруі керек болды. Алайда герман
әскері жүргізген операциялар барысында, тек Майкопты