к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
133
да Қазақстан мұнайына тек XVII ғасырдың соңында ғана
патшалық Ресейдің тарапынан ерекше назар аударыла баста-
ды. XVIII–XIX ғасырлардың өн бойына Ресей өзінің жетекші
топографтарын, геологтарымен тау-кен инженерлерін Батыс
Қазақстанға жіберумен болды.
1892 жылы Батыс Қазақстан аумағында орналасқан же-
келеген жер телімдеріне барлау жұмыстарын жүргізу туралы
орыс кәсіпкерлерінің алғашқы өтінімдері келіп түседі. Доссор,
Қарашұңғыл және Ескене жерлеріне тұңғышөндірістік барлау
жұмыстары жүргізіледі.
«Ресейлік кәсіпкер С. Леман басқарған «Ембі-Каспий
серіктестігі» Қарашұңғыл кен орнында (қазіргі Атырау
облысында) тереңдігі 38-ден 275 метрге дейінгі 21 ұңғы
бұрғылады. 1899жылы қарашада Қарашұңғылда, 40 метр
тереңдіктегі № 7 ұңғыдан бірінші мұнай бұрқағы алынды,
тәулігіне небәрі 20-25 тоннаға жуық мұнай өндірілді. Бұл
оқиға қазақстандық мұнай өндіру мен мұнай өнеркәсібін
дамытудың басы болып танылды.
Бұдан соң Доссор, Мақат, Ескене және басқа да кен
орындарынан мұнай алынды. Каспий мұнайын барлау мен
іздестіру, өндіру үшін түрлі ресейлік және басқа дашетелдік
серіктестіктер, қоғамдар құрылды. Айтпақшы, Қазақстан
аумағында сол уақытта жұмыс істеген алғашқы мұнай
өндірушілердің бірі, атақты швед өнеркәсіпшісі Альфред
Нобель болды».
«Қазақстан мұнайы» энциклопедиясы,
1999 жыл
Сонымен бір мезгілде аймақтағы мұнай өндірудің жыл
сайынғы көлемінің өсуімен мұнай инфрақұрылымының да-
муыбасталды. Гурьев портына дейінмұнай өндірісі шикізатын
тасымалдау үшін тұңғыш мұнай құбыры тартылды, ал одан