ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
132
көмегімен ырық бермей атқылаған газ бен мұнай екпіні
бірден бәсеңсіп жуасытылды.
Өрт апатын ауыздықтаудағы жұмыстың екінші кезеңін-
де ұңғыға құбыр жіберіп, соның бойымен төмен қарай
ауыр сұйықтық ағызу және сол арқылы бұрқақты сөндіру
ұсынылды. Дегенмен, мұндай жұмысты жүргізу үшін үлкен
қысым күшімен бір жүйеден басқарылатын арнайы қондыр-
ғы талап етілді.
КСРО-дан мұндай технология табылмады, сол себепті
американдық «Шеврон» мен канадалық «Отис» компания-
ларының мамандарынан ақыл-кеңес алумен қоса, арнайы
американдықжәне канадалық қондырғылардыпайдалану ту-
ралышешімқабылданды. Нәтижесінде, кеңестік мұнайшылар
мен аталмыш компаниялар мамандарының бірлесе күш са-
луымен ұңғыға құбыр жіберіліп, өрт бұрқағы сөндірілді.
37 нөмірлі ұңғыдағы бұрқақ Теңіз кен орнындағы орасан
зор қуат көзін көрсетті. Бұл Каспий шельфінің қазақстандық
бөлігіндегі «үлкенмұнайдың» бізге берген алғашқыбелгісі еді.
Сол кездің өзінде-ақ КСРО-да мұндай мұнай кен орындарын
игеру үшін қазіргі заманғы технологиялар жоқтығы түсінікті
болды.
К
аспий мұнайын игерудің
тарихы
Қазақстан тарихында мұнай аса маңызды рөл атқарды.
Ғылыми сипаттамабойынша, «мұнай–бұл газ тектесжәне
басқада заттардың сұйық ерітіндісіненқұралған көмірсутегінің
күрделі қоспасы». Осы «қара алтыннан» алынатын бірнеше
мыңдаған заттардың тізімі бір парақ қағазбен бітпейтіні
белгілі. Бір кезде Д.И. Менделеевтің өзі «пешке мұнай жағу
оған қағаз ақша жағумен бірдей» деп айтқан еді.
Қазақстан аумақтарынан сонау ерте замандарда-ақ мұ
найдың табылғанын алғашқы деректер дәлелдейді. Алай-