к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
131
өртшілер бөлімі қызметкерлерінің бірін от жалыны жұтып,
ол тірідей өртеніп өлді. Ұңғыдағы өртті сөндіруге қатысқан
жауынгерлердің барлығы да әртүрлі дәрежеде күйік алды.
Ұңғы маңайындағы өрт қызуының күштілігі соншалық, отқа
өте төзімді деген киімдердің өзі санаулыминуттарға ғана кию-
гежарады. Өртті сөндіруге қолданылған құмда табан астында
түрлі-түсті балқымаға айналып, бықсып жанумен болды.
Өртті бүкіл Одақ болып сөндірдік. Оған КСРО-ның түк-
пір-түкпірінен жиналған және шет елдерден шақырылған
ең үздік мамандар жұмылдырылды. Сол уақытта осындай
аса қатерлі өрт тасқынын өшіруге еліміздің, соның ішінде
Украинадан Полтаваның және Өзбекстаннан Қаршының ең
таңдаулы әскери өрт сөндіру бөлімдері қатысқанын ерекше
ризашылықпен айта кеткен орынды. Ұңғыдағы апатқа бай-
ланысты жұмыстар Теңіз-37 ұңғысындағы апаттың зардап-
тарын жою жөніндегі жедел штабтың төрағасы, КСРО мұнай
өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары И. Игревскийдің
басшылық етуімен жүргізілді.
КСРОмұнай өнеркәсібі министрлігінің өртті сөндіруге ша-
масыжетпеді, өйткені онда мұндай күшті фонтандыжою үшін
қажетті қондырғылар болмады. Тығырыққа тірелген мұнай
өнеркәсібі министрлігі келесі бір сәтте бұл бұрқақты атом
бомбасы жарылысын бағыттау арқылы тоқтатқысы келді. Ол
кезде жақын ауылдарда тұрып жатқан адамдар туралы тіпті
сөз де болмады. Алайда біз оған дер кезінде араласып, бұл
қорқынышты ойдың жүзеге асуын болдырмадық.
Теңіз-37 ұңғысында аспанға шапшып жанған ашық
газ-мұнай бұрқағын тікелей күш жұмсап сөндірудің өзі екі
айға жуық уақытқа созылды. Ақырында, мұнайшылар осын-
дай ғаламат отқа оранған 37 нөмірлі Теңіз мұнай ұңғысын
«ғасыр фонтаны» деп атап кетті. Ғаламат өртті сөндіруде
Гурьевтегі Петровский атындағы зауыттың мұнайшылары
жасаған гидроқысым қондырғысы үлкен рөл атқарды. Соның