1995 жылғы
к
онституция
125
земін. Оның тамаша дәлелі –Қазақстанныңмемлекеттік құры-
лыстағыжәне экономиканыреформалаудағыбүгінгі табыста-
ры. Конституцияныңмаңыздыережелеріне сүйене отырып, біз
еліміздің тағдыры үшін аса өмірлік маңызды қайта құруларды
іске асырдық: нарықтық экономиканы қалыптастырдық және
демократиялық қоғамның негізін қаладық.
Осы бір жылдары демократияландырудың аса маңызды
институты – парламентаризмнің дамуына толық жағдай
жасалды. Қос палаталы кәсіби Парламент уақыт сынынан
сүрінбей өтті, онда сан салалы мүдделердің өкілеттілігі
қамтамасыз етілген. Біз – осыжолмен Орталық Азияда батыл
қадам жасаған бірінші елміз. Басқалар біздің ізімізбен жүріп,
тәжірибемізді пайдаланды.
Атқарудың тік сатылы жүйесі оңтайландырылған әкім-
шілік-территориялық құрылыммен және мемлекеттіліктің
басқа да нығайтылған тетіктер жиынтығымен үйлесім табуы
Қазақстанның жүйелі дағдарыстан шығуына, серпінді да-
муды бастауына қолайлы жағдайлар жасады, ал мұның өзі
қазір жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық және саяси
жаңғыртулар туралы айтуға мүмкіндік беріп отыр.
Конституция қолданылған жылдардың ішінде бірде-бір
саяси қайшылық дағдарысқа ұласқан жоқ. Барлық дау-
дамай конституциялық рәсімдер шеңберінде шешілуде.
Мемлекеттік институттар арасындағы өзара қатынастардың
жүйесі қалыптасты. Бұл жүйе дәстүрге айналды.
Ұлтаралық қатынастардың көкейкестілігі және олардың
әртүрлі елдердің бәсекелік артықшылықтарына тигізетін
әсері біздің отандық тарихтың оқиғалары мен атаулы
мерзімдеріне ғана тірелмейді. Дүниежүзілік тарихтың соңғы
онжылдығына жасалған талдауға қарасақ, жиырмасыншы
ғасырдың соңғы ширегінің басты оқиғасы планетаның ұлттық
және нәсілдік құрамының түбегейлі өзгеруі болғанын көреміз.
Кәне, әлемде не болып жатқанына қарайықшы. Қазіргі
дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігі өзінің