ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
126
құрамы жағынан көпұлтты, әлемнің 12 елінде ғана бір
этнос тұрғындардың 90 пайызын құрайды. Ұлтаралық
қатынастардың қазақстандық моделінің Біріккен Ұлттар
Ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік пен және ынтымақ
ұйымыныңжәне т.б. беделді халықаралық ұйымдардың тара-
пынан ең жоғарғы баға алуы кездейсоқ емес. Ұлттық топтар
дамуының барлық түйінді мәселелері реттеудің үш деңгейлі
жүйесінде өрістетілді.
Бірінші деңгей – бұл сол топтардың өздерінің белсенділігі.
Біз ұлттық қауымдастықтардың өз мәдениетін дамытуға
байланысты заңды ұмтылыстарын бүтіндей қолдадық.
Қазақстанда бірнеше ондаған ұлттық мәдени орталықтар
қызмет жасауда.
Екінші деңгей – бұл біздің Қазақстан халықтары Ассам-
блеясы мысалында ұлттық қатынастардың бірегей құралын
жасауымыз. Бүгінде дәл осындай беделді де өкілетті ұлттық
саясаттың құралы әлемнің бірде-бір елінде жоқ.
Үшінші деңгей – бұл тіл жайлы мемлекеттік саясат. Біз
қазақ тіліне мемлекеттік тілдің жай ғана үстірт мәртебесін
бере салған жоқпыз, оның қоғамдық өмірдің барлық сала-
ларында толыққанды қызмет етуінің міндеттерін де шештік.
Бүгіндері еліміздегі оқу орындарының жартысынан астамы
сабақты қазақ тілінде жүргізеді. Кеңестік ұлттық саясаттың
мемлекеттік тілге тигізген ауыр зардаптарын нақ Қазақстан
шеккенін ұмытпауымыз керек. Бірақ та біз, көптеген елдер-
ге қарағанда, осы бір жолды әлде бір тілдік кемсітушіліксіз
лайықты жүріп өттік.
Қазақстанда саяси әралуандылық және көппартиялылық
қамтамасыз етілген. Елде саяси процестерге ықпал жасайтын
жалпыұлттық ірі партиялар қызмет жасайды, олардың ішінде
оппозициядағылар да бар. Сол сияқты, бізде азаматтық
қоғамның аса маңызды сегменттерінің бірі – үкіметтік емес
ұйымдардың біршама нығайғаны да даусыз. Егер де осыдан
10 жыл бұрын олардың саны 400 болса, қазір 5 мыңнан