ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
124
мыз. Ел Парламентінің саяси мәртебесін нығайту біршама
мәселелерді конституциялық деңгейде шешуді талап етеді.
Біз Парламенттің екі Палатасының да депутаттар санын
көбейтуіміз керек. Парламенттің қызметіне тек мемлекеттік
бюджетті бекіту ғана емес, сонымен бірге оның орындалу
барысын бақылауға да шынайы араласуы тиіс.
Конституциялық өзгерістердің барысында Үкіметті
құрудың жаңа жүйесін жасау да қажет болуымүмкін. Осыған
байланыстыбізгеҮкіметті парламент көпшілігінің тетігі арқылы
құру мәселесін қарастырудың қажет болатыны анық.
Қазақстанның өз дамуының жаңа кезеңіне кіру логи-
касы, осыған сәйкес мемлекеттік басқаруды, саяси жүйені
және, бәлкім, Конституцияны да реформалауды мұқият
қарастырып, жүзеге асыруды талап етеді. Біз, түптеп келген-
де, еліміздің мемлекеттік және саяси құрылымының оңтайлы
моделін енгізуіміз керек. Мемлекеттік басқаруды жаңғырту
және саяси реформаларды іске асыру біздің қоғамымызды
топтастыруға, Қазақстанның дүние жүзіндегі беделі мен
абыройының өсуіне қызмет ететіні айқын. Бұл Қазақстанға
халықаралық саясаттың, өркениеттер үндесуінің, Орта Азия
аймағындағы тұрақтылық пен интеграцияның орталығына
айналуына мүмкіндік береді.
Осы және басқа көптеген өзгерістердің барлығы біздің
көздеген мақсатымызға жетуге жол ашады. Біз өз дамуы-
мыздың жаңа кезеңіне енді ғана шыққан жас елміз ғой.
Тіпті көптеген жылдар өткеннен кейін де, мен өзімнің жұмыс
үстелімде жатқан Конституцияға қарап, сол бір кездегі
оқиғалардыойға түсіремін. Оныңжобасымен қалайынталана
жұмыс істегеніміз, түрлі баптарды талқылағанда қандай қызу
таласқа дейін барғанымыз, халықтың талқылауына ұсынғанда
қалай толқығанымыз – бәрі де есте.
Жұмыстанқол сәлбосаса, менКонституцияныашып, оның
баптарын қайта-қайта оқимын, оқимын да сол кездерде
біздің шешімдеріміздің дұрыс болғанына тағы да көз жеткі-