1995 жылғы
к
онституция
123
сәйкес саяси жүйені де ырықтандыру бізге өмірдің өзі қойған
талаптары болып табылады.
Мен осы жерде тағы да мынаған тоқталғым келеді: кез
келген саяси реформа ең негізгі шартты – орташа тапты
қалыптастырмайнәтижелі болмайды. Тұрақтыжәне гүлденген
қоғам ғана тұрақты саяси жүйені құруға қабілетті.
«...қоғам осындай (батыстық) демократиялық саяси
жүйені табыспенпайдаланаалатынжағдайғажеткенгедейін,
халық білім мен экономикалық дамудың жоғары деңгейіне
жетуі, едәуір көлемде орташа тап құруы, ал адамдар өмірде
тірі қалу үшін күресуді ойламайтын болуы тиіс...
Орташа тап өміршең экономикасыжоқ елде пайда бола
алмайды, ал мұның өзі елді бір орында шыр айналудан
шығаруға қабілеті күшті, дана басшылықты керек етеді».
Ли Куан Ю, «Сингапурская история:
из «третьего мира» – в «первый»
(1965–2000)»
Азаматтардың күнделікті өміріндегі мемлекеттің рөлі ту-
ралымәселеге қайтып оралғанда, біз мемлекеттік басқаруды
орталықсыздандыруды аяқтауымыз керек. Бұл, ең алдымен,
мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасындағы өкілеттілікті
айқындауға, мәслихаттардың рөлін көтеруге, сол сияқты
бюджетаралық қатынастар жүйесін жақсартуға байланысты.
Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыруды аяқтай сала,
бізге жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың үрдісін
бастау қажет. 2005–2007 жылдар арасындағы кезеңде біз
қала, аудан, т.б. төменгі деңгейдегі әкімдер үшін сайлау
жүйесін енгізуді және сол сияқты олардың қызметін саралап
бағалаудың қажеттілігін қарастырамыз.
Бұл міндеттерді шешкен соң, саяси жүйені ырық-
тандырудың кейінге қалдырылған, одан да маңыздырақ
кезеңіне – Парламенттің рөлін көтеруге қайтып орала ала-