Page 123 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
122
бастаған жағдай шұғыл да ымырасыз қимыл жасауды талап
етті. Сондықтан мен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес тура-
лы» заңның жобасын жасауды тапсырдым. Ол 1998 жылы
шілдеде қабылданды. Сол сияқты сыбайлас жемқорлықпен
күрестің бағдарламасы жасалды, құқық бұзудың сыбайлас
жемқорлық түріне жауапкершілік күшейтілді.
Конституциялық ереженің пәрменді болуы қоғамдық
қатынастардың барлық субъектілерінің, әсіресе мемлекеттік
органдардың және жеке лауазым иелерінің соған сәйкес қа­
былданған заңдарды қалтқысыз орындауы мен сақтауына
тікелей байланысты.
Құқықтық мемлекетте азаматты қорғайтын Президент
те емес, аймақтың басшысы да емес, министр де емес, сот
екеніне мен сенімдімін. Әділетті және адал сотсыз, жетілген
құқықтық базасыз тұрақты және өркениетті қоғам болмай-
ды. Нарықтық құқықтық тәртіпті орнатқаннан кейін ғана,
мемлекеттік аппараттың, барлық азаматтардың және заңды
тұлғалардың Конституция мен заңдарды қатаң орындауын
орнықтырғаннан кейін ғана барып, осындай қоғамның негізі
болып табылатынмықты экономиканы қалыптастыруға бола-
ды. Бұл жұмыста бәрі де маңызды: деңгейлес құқықтық база-
ны құру да; Конституцияның, жеке және заңды тұлғалардың
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау күзетінде тұрған
заңдық пирамиданың ең жоғары биігіндегі сотты бекіту де;
сол сияқты оларда тек қана заңға бағынатын, сот шешімдерін
бұлжытпай және жылдам орындайтын құзіретті, адал
қызметкерлер қызмет істейтін сапалы сот жүйесін құру да
бірдей қажет.
Саяси реформалардың әрбір кезеңі экономиканың,
азаматтық қоғамның, тұрғындардың саяси және құқықтық
мәдениетінің даму деңгейімен тығыз байланысты болуы
қажет. Соттарды күшейту мәселені шешудің алғашқы баста-
масы ғана болатын. Бүгіндері, экономика саласындағы негізгі
реформалар аяқталған кезде, экономикалық табыстарға