1995 жылғы
к
онституция
121
ие болған оларды Мемлекет басшысы басқарады және өз
құрамында атқару билігінің өкілдері арқылы шектелмейді.
Орталықта сатылы биліктің күшеюі өңірлерде де осындай
үлгіні туғызатын еді. Бұл кезде облыстардағы Президент-
тің өкілдері жойылып, әкімдерді бұрынғыша Президент
тағайындайтын болды. Реформалау барысында облыстық
кеңестердің орнына келген облыстық мәслихаттардың рөлі де
төмендетілді. Экономикалық дағдарысты еңсергеннен кейін
бұл проблемаларды шешуде қайта оралып, демократиялық
реформалардың келесі жаңа кезегін қолға алатынымызды
біле отырып, біз бірқатар бірегей шараларға саналы түрде
бардық.
Атқару билігін әсіресе жергілікті жерлерде күшейтудің
бірқатар жүйелік кемшіліктері болатынын мен түсінген едім.
Бұл кемшіліктердің ең бастысы сыбайлас жемқорлық еді, ол
бүгін де сол күйінде қалып отыр. Биліктің өкілетті органдары
тарапынан бақылаудың төмендеуіне байланысты, орталықтан
тағайындалғандар көп жағдайларда өздерінің лауазымдық
өкілеттіліктерін асыра пайдалана бастайды. Баршаның іс-
әрекеттерін бақылап отырудың қиындығын білгендіктен олар
өздерінің тікелей міндеті – халыққа қызмет ету екендігін жиі
ұмытады. Осының нәтижесінде реформаныжүргізудің ең ба-
сынан бастап-ақПрезидент Әкімшілігінежергілікті жерлердегі
шенеуніктердің жүгенсіздігі жайындағы шағымдар қаптап
келе бастады. Тұрғындар ескі әдеттерімен «Орталық Коми-
тетке жазып жатты».
Сыбайлас жемқорлық экономикалық саясатпен еліміз-
дің даму стратегиясының маңызын бұрмалап, мемлекет
өмірінің басқа да салаларына ене бастады. Осыған байла-
нысты мен, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресте
қолдауларын сұрап Республика азаматтарына үндеу тас-
тадым. Сол кезеңде сыбайлас жемқорлықты туғызатын
себептерге бағытталған заңның қабылдау қажеттігі жөнінде
заңгерлерарасында әртүрлі пікірлерболды. Алайдақалыптаса