ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
120
тіктеріміздің ішінде бастылары: ішкі саяси және ұлтаралық
тұрақтылық, макроэкономикалық тұрақтанушылық, инфля-
цияны толықтай тежеу, тиімді қаржы-несие жүйесін
құру, меншік қатынастарын қалыпқа келтіру, бірте-бірте
жекешелендіруді іске асыру болып табылады. Өнеркәсіп
өндірісінің табанды түрде өрлеуі басталды, ауыл шаруа-
шылығыжанданды. Бүгіндері біздің жаңа Конституция және
заңдарымыз адам үшін жұмыс істеп қана қоймайды, соны-
мен бірге оның шығармашылық, жасампаздық қуатының
белсенділігін күшейтіп, іскерлік бастамаларын ынталанды-
рады деп айтуға барлық негізіміз бар.
Экономикалық табыстарға қолы жеткен Қазақстанның
тәжірибесі өтпелі кезеңде, экономиканы ырықтандыру
үшін жеткілікті түрде қатаң саяси құрылымның, кәсіби
қызметшілер мен қоғамдағы тәртіптің қажеттігін көрсетеді.
Бұл көп жағдайда қолдау таба бермейтін, бірақ аса керекті
күрделі экономикалық реформаларды іске асыруға, саяси
тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
1995 жылы шынайы президенттік республиканы құруға
бара отырып, мен дамудың осындай нұсқасында елді басқару
мүмкіндігі күшейетіндігін және жанға бататын экономикалық
реформалар нәтижесінің көп күттірмейтіндігін түсіндім.
Реформаның жүзеге асырылу барысына Президенттің
тікелей жауапкершілігінің артуы сол сияқты оның бірқатар
өкілеттілігін арттыруды да талап етті. Осы кезеңнен бастап
министрліктермен ведомстволардыңбасшыларынПрезидент
тағайындайтын болғандықтан, бұған Парламент араласпай-
тын болды. Алқалы басқару органы ретінде Министрлер
кабинеті де біршама ықшамдалды. Президенттің ұсынуымен
Парламенттен қолдау алған Премьер-министр «елдің
басты дағдарыс менеджері» өкілеттілігін алды. Кейіннен
келе Экономикалық саясат жөніндегі кеңес, Ұлттық банк
басқармасы, Ұлттық қор басқармасы, Ұлттық кеңес сияқты
алқалы кеңестер заңдық түрге ие болды. Нақты бағытқа