Page 120 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

1995 жылғы
к
онституция
119
хия айқындалды. Бұлардың негізінде Қылмыстық кодексті
қалыптастыру қажет болды. Міндет мейлінше күрделі және
жауапты болғандықтан, мен тікелей жұмысшы тобының
жетекшісі И. Роговпен және Б. Мұхамеджановпен бірлесе от-
ырып, заң жобасының әрбір бабын мұқият қарап шықтым.
Құқықтық мемлекеттің дамуын қамтамасыз ететін
құрал­дардың бірі дұрыс айқындалған қылмыстық-құқықтық
саясат болып табылады. Біздің елімізде бұл адамды,
оның өмірін, құқықтарын, бостандықтарын ең жоғары
құндылық деп жариялаған Негізгі Заңнан келіп шығады.
Заң бұзушыларға қарсы қатаң жазалау шараларынан бас
тарта отырып, мемлекет олардың жауапкершілігінің ақылға
қонымды түрлерін орнықтырады, ол құқықтық саясаттан
және жазаны орындау жүйесін ырық­тандырудан көрінеді.
Нәтижесінде, егер осыдан біраз ғана бұрын Қазақстан бас
бостандығынан айырылғандардың саны жағынан әрбір
100 000 адамға шаққанда АҚШ пен Ресейден кейін дүние
жүзінде үшінші орында тұр, бұл көрсеткіш бойынша ол қазір
24-позицияға түсті.
Сонымен бірге қылмыстың жаһандануы және өзгеріске
ұшырауы, сөйтіп күннен-күнге аса қауіпті түрлерге енуі жағ-
дайында барлық заң бұзушылықтарға, әсіресе қылмыстың
аса қауіпті түрлеріне жауапкершіліктің бұлтартпастық прин-
циптерін актуальды ете түседі.
Қазіргі кезеңде жұртшылық пікірінің беделін көтерген
әлеуметтік және құқықтық дилемма сипатындағы өлімжаза-
сына қатыстыаса күрделі мәселешешілуде. Әзірге бұлмәселе
бойынша оны қолдануға мораторий енгізілген. Бұл мәселе
қоғамның рухани өмірінің белсенділігі артуымен, әлеуметтік
құндылықтарды қайта бағалаумен қатарласа жүретін мем-
лекет дамуының, күрт өзгерістерге толы сәттерінде өткір
қойылатынын біз білеміз.
Ешқандай да өсіріп айтпай-ақ, бүгінгі күні біз тәп-тәуір
нәтижелерге жеттік деп айтуымызға болады. Жеткен жетіс­