Page 119 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
118
саяси өміріне демократияның іргелі принциптерін енгізуге
қолайлы жағдай жасайды.
Басқаша айтқанда, Конституция азаматтардың консти­
туциялық құқықтарының, бостандықтарымен міндеттерінің
мәні мен мазмұны қазіргі нарықтық экономиканың прин-
циптеріне сәйкестеп тұжырымдалған; ал бұл принциптер
жеке тұлғаның сан алуан мүдделерін қанағаттандыру
мүмкіндіктерін қамтамасыз етуді оның еңбек процесіндегі
үлесіне тәуелді етіпқояды. Соныменбіргемемлекет тарапынан
қажетті әлеуметтік тегін қызмет минимумының кепілдіктері де
беріледі. Экономикалық бостандық, идеологиялықжәне сая-
си сан алуандық, жұрттыңбарлығының заң алдындағы теңдігі
Қазақстан дамуының негізгі басымдықтарына жатады.
Саяси режимнің демократиялануы мемлекеттің жеке
тұлғаға беретін әлеуметтікмүмкіндіктерініңшеңберін кеңейтті.
Осының нәтижесінде ұлттық құқықтық жүйедегі адам мен
азаматтың құқықтары мен бостандықтарының рөлі елеулі
түрде күшейтілді, олардың дәстүрлі заңдық кепілдіктеріне
жаңа толықтырулар енгізілді. Біріккен Ұлттар Ұйымының
азаматтық және саяси, сонымен бірге экономикалық,
әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы Халықаралық
пакеттерінің талаптарын толық орындау үшін жағдайды
қалыптастырғаннан кейін, Қазақстан осы бір маңызды
құжаттарды ратификациялады.
Конституцияның негізінде жаңа заңнама қалыптасты.
Жаңартылған конституциялық құқық жасалды. Азаматтық
қо­ғамдағы жеке меншік қатынастарды, еркін кәсіпкерлікті
реттейтін азаматтық құқық одан әрі дамытылды. Әлем
қауымдастығында қалыптасқан принциптерге сәйкес,
азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-процессуалдық
және қылмыстық-орындаушылық заңдарға елеулі өзгерістер
жасалды.
Қылмыстық құқықта, оның принциптерінде көрініс тап­
қан, әлеуметтік құндылықтарды қорғайтын жаңа иерар-