Page 118 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

1995 жылғы
к
онституция
117
1995 жылғы Конституция Қазақстанда реформаны
жүргі­зудің аса қуатты серпіні болғанын мен мақтанышпен
айта аламын. Көп жағдайда, оның ережелерінің арқасында,
аздаған мерзімдердің ішінде ғана жас мемлекеттің эконо-
микасы мен саясатында, ұлтаралық тұрақтылықта аса үлкен
жағымды нәтижелерге жеттік.
Қолданымдағы Конституцияны қабылданғаннан кейін
Қазақстандағы экономикалық реформаны жүргізу үшін
«даңғыл жол» ашылды. Бейнелеп айтқанда, барлығын да
басқарған, бірақ ештемені басқара алмағанЖоғарғыКеңестің
орнына, осыжылдардың ішінде елдің бет-бейнесін өзгерткен
заңдарды қабылдаған екі палаталы кәсіби Парламент келді.
1995 жылғы Конституция экономикалық реформаларға
жаңа серпін бере отырып, қазіргі нарықтық қатынастардың
талаптарына жауап берген және жауап беретін Парламент
пен Үкіметтің заңнамалық шеңберде қызмет жасаулары үшін
тиімді нормативті құқық базасын қамтамасыз етті. Конститу-
ция мемлекеттік меншікті, сонымен бірге жеке меншікті де
қорғауға тең жағдайда кепілдік береді.
Қолданымдағы Конституцияда мемлекет адам құқық­
тарына шынайы кепілдіктер берген; олар: әркімнің еңбек
ету және кәсіпкерлік қызметпен айналысу бостандығы;
заңмен мөлшері көрсетілген медициналық тегін көмек алу;
тегін орта білім алу; діни жоралғыларды атқару бостандығы
құқықтары. Сондай-ақ конкурстық негізде ақысыз жоғарғы
білім алуға, жасына қарай әлеуметтік қамсыздандыруға,
сонымен бірге ауырған, мүгедек болған, асыраушысынан
айырылған жағдайда әлеу­меттік қамсыздандыруға кепілдік
берілген. Бүгіндері осы конституциялық құқықтар заңдардың
нақты нормаларында баянды етіліп, адамдардың күнделікті
өміріне берік енді. Конституция адамның негізгі құқықтары
мен бостандықтарын бекітіп, еліміздің азаматтарының құқық
алдындағы теңдігін қамтамасыз етті, бұлар сөзсіз қоғамның