ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
116
Біздің экономиканы дүниежүзілік шаруашылыққа қалай
интеграциялау керек? Дүниежүзілік шаруашылыққа бұлай
біріктірмейінше, біздің шалғайдағы, сөзсіз аутсайдер ел бо-
лып қалатынымыз анық болатын. Кепілдік берілетін там-тұм
мемлекеттік «пәйөкке» дағдыланғанжұрттыенді өз күштеріне,
өз ақылдарына, өздерінің іскерліктеріне қайтіп сендіругебола-
тын еді? Адам өзінің, өз отбасының тағдырына жауапкершілі-
гін сезінбей, еш уақытта нағыз табыстарға қол жеткізуі мүмкін
емес.
Түбегейлі әлеуметтік реформалардың негізгі құралы бо-
лып табылатын, қазіргі заманғыжәне күшті мемлекетті қалай
құруға болады?
Қазақстан халықтарының әрқайсысының төл мәдениетін
томаға-тұйықтыққа апарып тірейтін ұшқарылыққа ұрын-
дырмай, қалай сақтауға болады? Біз бойкүйездіктің де, сол
сияқты шыдамсыз асығыстықтың да мәдени тоқырауға апа-
рып соғатынын түсінуіміз керек.
Қоғамда руханилықтың, ұлтаралық келісіммен азаматтық
бейбіт өмір сүрудің мұраттарын қалай орнықтыруға болады?
Ақырында, қылмысты қалай ауыздықтауға, сонымен
бірге ешбір қысымшараларына бармай-ақ қоғамда, биліктің
барлық қабаттарында заңның үстемдігін қалай орнатуға
болады?
1995
жылғы
К
онституция
–
жаңа
Қ
азақстанның
«
іргетасы
»
Осыдан екі жүз жылдан астам бұрын, қазіргі демокра-
тияның негіздері қаланып жатқан кезде, заңдар мен консти-
туциялардағыжиі өзгертулердіңжақтасыболмаған американ
президенті Томас Джефферсон «заңдар мен адами инсти-
туттар адамзат ақыл-ойының прогресімен қол ұстасып бірге
жүруі тиіс» деп жазды. Бұл көзқарас, содан бері екі ғасыр өтсе
де, өзінің маңызын бүгіндері жойған жоқ.