Page 116 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

1995 жылғы
к
онституция
115
барлығынжылдамжасай алғанжоқ. Бірақ, біздер ең бастыны
–біздің отанымыз –Қазақстан Республикасында тыныштықты
сақтадық, қантөгісті болдырмадық. Біз өзіміздің меншікті
қаржымыздың иесі болдық, біз өз экономикамызды өзіміз
басқардық, жақсы өмір үшін оларды қалай қарай бұру керек
екендігін түсіндік. Біз осы кезеңде бүкіл дүниежүзінде, өзімізге
сенім туғыза білдік. Қазақстанға инвестициялар құйылды».
Мен мемлекетті құруда, реформаларда, біз бекіткен
құжат­тарда қателер болған жоқ десем, жалған айтқан болар
едім. Бірақ қателеспейтін тек ештеме істемейтін адам болар.
Саясаткердіңжұмысы кейде сағатшыныңжұмысына ұқсас, тек
айырмашылығы сонда – сағатшыбұзылған сағаттыжөндемес
бұрын тоқтатып ала қояды да, содан соң жөндеуге кіріседі, ал
саясаткер бұл сағатты тоқтатпай жөндеуі керек. Міне, барлық
күрделілік осында.
1995 жылы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Пре­
зидентінің резиденциясында біздің еліміздің Конституциясы
ресми таныстыру рәсімі болды. Осы салтанатты жағдайда
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Юрий Ким
жаңа Конституцияны қабылдау бойынша бүкілхалықтық
дауыс берудің нәтижесі туралы қаулыны оқып шығып, маған
еліміздің Негізгі Заңыныңжаңа мәтінінің түпнұсқасын тапсыр-
ды. Бұдан кейінмен «Қазақстан РеспубликасыКонституциясы
туралы» Жарлыққа және оның 100 түпнұсқасына қолымды
қойдым. Еліміздің 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған
бірінші Конституциясы мәтінінің түпнұсқасын Мемлекеттік
мұрағатта сақтауға тапсырдым.
Рәсімге қатысқан үкімет мүшелерінің, қоғам өкілдерінің,
дипломатиялық өкілдіктер басшыларының және бұқа-
ралық ақпарат қызметкерлерінің алдында сөйлеген сөзімде,
мен барлықтарын жаңа Конституцияның қабылдануымен
құттықтап, осы сәттен бастап біздің алдымызға шешілмеген
көптеген мәселелерді қоятын, біздің дамуымыздың жаңа
кезеңі басталады деп атап көрсеттім.