Page 115 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
114
Бәлкім, Қазақстан тарихында бірінші рет халық өз болашағын
өз қолында ұстады және сол үшін дауыс берді. Бұл шынында
да солай еді. Негізгі Заңда мемлекеттің принциптері ғана жа-
рияланып қойған жоқ, сонымен бірге әрбір адамның, біздің
азаматтардың тікелей өмірімен байланысты шешімдер де
қабылданды. Бұларолардыңбостандықтарына, құқықтарына,
қоғам алдындағы міндеттеріне байланысты мәселелер еді.
Түптепкелгенде, осыларадамның, әрбіржанұяныңжәнебіздің
еліміздің болашағының перспективаларын анықтайтын.
Сөз сөйлегеннен кейін мен журналистердің сауалдарына
жауап бердім. Бұлардың кейбіреулері әдеттегідей «астарлы»
сұрақтарболатын, бірақ,ҚазақстанхалқыжаңаКонституцияға
бірауыздан дауыс бергеннен кейін, оларға жауап беру маған
жеңіл болды.
Мәселен, «Би-би-си» корреспонденті Кривенконыңжаңа
Конституция ел Президентіне тым үлкен өкілеттіліктер берген
жоқ па? – деген сұрағына, мен, Қазақстан Президентінің
өкілеттілігі Франция Президентінің өкілеттілігінен әлдеқайда
аз, бірақбұданФранция демократиясызмемлекетке айналған
жоқ қой, – деп жауап бердім. «Экономист» журналының
корреспонденті Мак Вильямс референдумның өткізілуі үкімет
шенеуніктерінің бақылауында болғанжоқ па? – деген сұрақты
көлденеңтартты.Менреферендумныңбарысынмыңнанастам
бақылаушылар қадағалағанын, оның ішінде шетелдіктері де
болғанын, бірақ ешқандай да заң бұзушылықтың болмағанын
оның есіне салдым.
Журналистердіңбірі 1991–1995жылдарыбізжинақтаған
тәжірибенің қысқаша қорытындысын беруді сұрады. Жауап
ретінде мен саясаткердің жұмысын, картоп өсіріп емес, алма
ағашын өсіріп, соның нәтижесін күтумен салыстырдым:
«картопты көктемде салып, ал күзде оның өнімін жинайсың.
Ал, алма ағашының жемісін алу үшін 5-6 жыл керек. Өткен
жылдарда ешкім де бізге барлығын жылдам жасаудың жо-
лын айтқан емес, сондай-ақ ешкім де посткеңестік кеңістікте