Page 114 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

1995 жылғы
к
онституция
113
Бір ай жылдам өте шықты. Ақыры, 1995 жылы 30 та-
мызда жоғарыда айтылған Жарлыққа сәйкес Қазақстан
Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде
бүкілхалықтық референдум өткізілді. Референдумның өту
барысын 19 қоғамдық бірлестіктерден мыңға жуық өкілдер
қадағалап тұрды. Шетелдік бақылаушылар қатарында
Венгрияның, Мысырдың, Канаданың, Польшаның,
Румынияның, Тәжікстанның, Украинаның және т.б. өкілдері
қатысты.
Референдумға сайлаушылардың 90,58%-ы қатысты.
Олардың ішінен жаңа Конституцияның қабылдануын қолдап
89,14%-ыдауыс берді. Дауыс берудің нәтижесінде Қазақстан
Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл
жеңіс еді. Дауыс беруге қатысушылардың жоғары деңгейі
Негізгі Заңда біз көрсеткен мемлекеттік бағытты қолдай-
тындарының көрсеткіші болды.
Мені орасан зор ризашылық сезімі биледі. Бүкілхалық-
тық қолдауды тапқанда, өзінің міндетін орындадым-ау деген
үлкен бір ризалық сезімді басынан кешіргенде, кез келген
саясаткердің бір жұлдызды сәті болатыны анық. Үлкенді-
кішілі істердің үздіксіз тоғытылған орасан зор проблемалар
толқыны алдында, кейде өзіңнің маңайыңды бос қалғандай
сезіну, сенің пікірлестеріңнің түкке тұрмайтындай аз боп
көрінуі сияқты көптеген жылдар бойғы күмәнданулар мен
алаңдаушылықтардың босқа кетпегенін көрдім.
1995 жылғы Конституция шын мәнінде халықтың ерік-
жігерінің көрінісі болды, ал Қазақстан халқы Негізгі Заңның
қосалқы авторына айналды. Референдумның нәтижесі
бойынша 1995 жылы 1 қыркүйекте өткен баспасөз конфе-
ренциясында мен барлық қазақстандықтарды біздің жас
егеменді мемлекетіміздің өміріндегі осы бір тарихи оқиғамен
құттықтадым. Еліміздің жаңа Конституциясының жобасын
қолдап дауыс бере отырып, біздің азаматтарымыз бүкіл
елімізге үшін, әрбір азамат үшін маңызды таңдау жасады.