Page 113 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
112
сақтау және президенттік билікті нығайту мақсатында,
қоғамды шектен тыс саясат тандырудан сақтау керек
болды. Ал екінші жағынан, Президент – ол да өзгелер
сияқты адам, мені мәселенің қойылуының кейбір жақтары
қымсындырды. Мен сайлаудан қорықты деген дауыстар
шыға бастады. Сонымен бірге, маған ондай сайлауға баруға
тұратындығын көзімді жеткізе дәлелдеген социологиялық
зерттеулердің шынайы мәліметтері де болды: егер де әңгіме
тек менің президенттігімді сақтау туралы ғана болатын
болса, ондай жағдайда мені мен президенттіктен дәмесі
бар-ау дейтін басқа да кандидаттар арасындағы алшақтық
шын мәнінде даусыз еді. Сонымен бірге сайлау – бұл екі-үш
кандидаттардың арасындағы ғана таңдау еді, ал референ-
думда сұрақ төтесінен қойылды: Нұрсұлтан Назарбаев. Не
иә, не жоқ?Маған ашық түрде таңдаудың бір басында тұруға
тура келді, ал екінші басында – өтпелі кезеңнің қиындықтары,
тұрмыс деңгейдің құлдырауы, осыжылдардың ішінде жина-
лып қалған дүрдараздық, мақсатты түрде бағытталған сын
және ашық арандату тұрды.
Біз қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуының қиын
кезеңінен өттік. Бірақ та енді одан әрі қалай өмір сүреміз деген
таңдаудың алдына қайта келдік. Бұл экономикаға да, саясатқа
да, қоғамның өмірінің басқа жақтарына да қатысты еді.
Саясаткерлердің, жұртшылық өкілдерінің, ғалымдардың, өмір
тәжірибесі мол адамдардың көптеген ұсыныстарымен таныс-
қаннан кейін ғана, халықтан мені қолдауларын сұрадым.
Қазақстанүшінқалыптасқантарихиахуалдареферендумға
тұрақтылықты сақтау туралы, шын мәнінде мемлекетке де
және қоғамға да қажетті сұрақ қойылды. Референдум: біздің
осыжылдар бойыжүргізген саясатымыз дұрыс па?, Қазақстан
халқы оны одан әрі жалғастыру үшін Президентке сенім
білдіре ме? – деген бүкіл еліміздің көкейтесті сауалдарына
жауап беруі тиіс болады. Сонымен, шешім қабылданды.