Page 112 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

1995 жылғы
к
онституция
111
Жобаны ресми түрде жариялау қарсаңында мен жұмыс
тобының мүшелері – Б. Мұхамеджанов пен К. Колпаковқа,
барлығының дұрыс көрсетілуіне күмән қалмас үшін, оның
мәтінінің баспаханада дайындалған гранкасымен тағы бір
танысып шығуды тапсырдым. Түннің бір уағында, шамамен
екі жарым кезінде, олар маған барлығының дұрыстығы
туралы қоңырау шалды. Сол кезде барып қана мен оларға
және Н. Шәйкеновке гранкадағы нұсқаға қолдарын қойып,
жобаны баспасөзге жіберуді тапсырдым. Келесі күні таңертең
Конституцияның жаңа жобасы республикалық бұқаралық
ақпарат құралдарында жарияланды.
Жоба жарияланғаннан кейін баспасөз конференциясын
шақырдым, онда болашақ Конституцияның негізгі ережелері
туралы айтып бердім және журналистердің сауалдарына
жауап бердім. Ең бастысы, бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілдері арқылы жаңа Конституция – ұлтаралық және
азаматтық келісім жағдайында еліміздің тұрақты дамуына,
саяси және экономикалық реформаларды дәйекті түрде
іске асыруға мүмкіндіктер ашып беретін факт екенін бүкіл
қазақстандықтардың есіне салғым келді.
Конституциялық реформаныбастауды тек бүкілхалықтық
қолдау жағдайында ғана іске асыруға болатын еді. Конститу-
цияныңжаңа мәтінімен қарқындыжұмыс жүргізудің қажеттігі
туралы шешім осыдан келіп туындаған еді. Сынның ыстық
шарпуы маған қарай бағытталды. Осы бір қиын кезеңде мен
Қазақстан халықтарының Ассамблеясынан қолдау таптым,
ол маған Парламенттің құрылуын күтпей-ақ халықтың өзіне
төте шығып, ойымды айтуды ұсынды. Қазір мен бұның дұрыс
шешім болғанына сенімдімін.
Мойындау керек, мен күмәнді күйде жүргенмін. Бір
жағынан, мәселе объективті түрде және дұрыс қойылды.
Парламент пен Үкіметтің отставкаға кетуіне байланысты
туындаған саяси дағдарыс жағдайында, тұрақтылықты