Page 111 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
110
кесілді келіспеді, олар да өз тарапынан бұқаралық ақпарат
құралдарында мәлімдеме жасады. Конституциялық Соттың
өз ішіндегі жаңа Конституцияның жобасын қарау кезіндегі
мұндай алалықтар қоғамда пікірталастың қаншалықты өткір
жүріп жатқанының айқын көрінісі болды.
Конституцияның жаңа жобасын талқылауға 3 миллион
345 мыңнан астам қазақстандық қатысып, 31 886 ұсыныстар
мен ескертулер жасады, соның нәтижесінде жобаның 98
бабының 55-іне 1100 түзетулер мен қосымшалар енгізілді,
сол сияқты Конституцияға жаңа тарау мен бірқатар жаңа
баптар қосылды. Түсіп отырған ұсыныстарды ескере отырып,
жобаменжұмыс істеу барысында тағы да жаңа өзгерістер мен
қосымшалар енгізілді. Кейіннен жалпы алғанда Конституция
мәтінінің 18 нұсқасы дайындалғанын санап шықтық.
Конституция жобасының жұмысы әбден аяқталды-ау
деген кезде, мен «1995 жылы 30 тамызда республикалық
референдум өткізу туралы» 1995 жылы 28шілдедегі №2389
Жарлыққа қол қойдым. Атап айтқанда, осыЖарлықта қаулы
шығарылды:
1. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум
өткізілсін.
2. Республикалық референдумға жаңа Конституцияның
жобасы енгізілсін, онда: «Сіз 1995 жылы 1 тамызда жария-
ланғанҚазақстанРеспубликасыКонституциясыныңжаңажо-
басын қабылдайсыз ба?» – деген сұрақ тұжырымдалсын.
3. 1995 жылы 1 тамызда бұқаралық ақпарат құрал-
дарында бүкілхалықтық талқылауды ескере отырып,
толықтырылған және өзгертілген Конституцияның жобасы
жариялансын. Конституцияның жобасы Қазақстан Рес-
публикасы Орталық сайлау комиссиясына бір мезгілде
жіберілсін.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы
Президентінің Мұрағаты