1995 жылғы
к
онституция
109
жемен қатар, мемлекет пен қоғамдағы тұрақтылыққа кепіл
болатын шек қоюлар мен кедергілер жүйесінің маңызды
элементі болып табылатын еді. Өйткені басты мақсат билік
тармақтарының бірігіп жемісті қызмет жасауының ақылға
сыйымды жүйесін құру болатын.
К
онституцияның
қабылдануы
, 1995
жыл
Жаңа Конституцияның жобасы бүкілхалықтық талқылау
үшін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғанынан
кейін-ақ, шын мәнісінде оның жұмысына бүкіл ел кірісті
деп айтуға болады. Қазақстанның барлық түкпір-түкпірінен
жобаға қатысты күнделікті түсіп отырған ұсыныстар бойын-
ша мәліметтер топтамасы жасалынды. Күніне осындай
ұсыныстардың бірнеше папкасы түсетін. Сонымен бірге баспа-
сөзде жарияланып жатқандарды да естен шығармау қажет
болды.
Талқылаудың бірыңғай пікірде болмағанын айтуымыз
қажет. Конституцияның дайындалған жобасын жұрттың
барлығы бірдей қолдаған жоқ. Баспасөзде оны сынға алған
жарияланымдар аз болмады. Тіпті заңтану мамандарының
өздері де жаңа тұрпатты Конституцияны, оның жасампаз
жақтарын бірден қабылдаған жоқ.
Конституцияның жобасы жарияланған бірнеше күндер-
ден кейін, сол кезде қызмет жасап тұрған Конституциялық
Соттың алты судьясы бұқаралық ақпарат құралдарында,
оның ішінде көптеген шетелдік құралдарда да: «ұсынылған
конституциялық модель Республиканы демократиялық,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп тануға негіз
бермейді», ал билікті бөлудің принциптерін бұрмалау «тек
қана президенттік емес, сонымен бірге бүтіндей басқарудың
республикалық түрін де күмәнді жасайды» деген мәлімдеме
жасады. Сонымен бірге Конституциялық Сот судьяларының
басқа бөлігі өз әріптестерінің бұл пікірлерімен үзілді-