ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
108
әңгіме «Қазақстан Республикасының дін ұстану және діни
ұйымдардың қызметі туралы кейбір заңнамалық актілерге
өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы», «Бұқаралық
ақпарат тарату құралдары туралы», «Қазақстан Республи-
касында халықаралық және шетелдік коммерциялық емес
ұйымдардың қызметі туралы» және т.б. заң актілеріне қол
қою барысында қалыптасқан ахуал жөнінде болды. Менің
ұсынысым бойынша Конституциялық Кеңес бұл заңдарды
қарап, Конституцияға сәйкес емес деп тапты. Конституциялық
Кеңестің қаулыларына менің қарсылық білдіруге қақым
бар еді, бірақ оның шешімдерімен келісе отырып, мен олай
істемедім.
Халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерін өз бетімен
шешуді қамтамасыз етуге тиісті жергілікті өзін-өзі басқару
институтын мойындау Жаңа Конституцияның елеулі жетістігі
болды. Адамның шынайы өмірі негізінен қалада, ауданда,
ауылда, селода өтетінін ескерсек, осынау конституциялық
ереженіңмаңызын айқын көреміз. Атап айтқанда, олар сонда
өмір сүреді, сонда еңбек етеді, өздерінің өмірлік проблемала-
рын сонда шешіп отырады. Осыған байланысты, заң шығару
арқылыматериалдық-заттықмазмұнмен толықтырылуға тиісті
жергілікті өзін-өзі басқару шеңберінде, әрбір азаматтың өзіне
тән өмірлік жоспарларымен ойларын іске асыруға, азаматтық
белсенділіктерін көрсетуге мүмкіндігі болуы керек.
Жобаны енді бұқаралық ақпарат құралдарында жария-
лайық деп тұрған соңғы күндерде тағы бір дау туып кетті.
Біздіңжұмысымызға көмектесіп отырғанфранцуз мамандары
кез келген уақытта Президент Парламентті тарата аладыдеген
бапты енгізуді ұсынды. Осы идеяны бірталай адамдардың
қолдағанына қарамастан, жобаға менің талап етуіммен,
Парламент өкілдігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуын нақты
заңдық негізде қарастыратынжұмсағырақ тұжырым енгізілді.
Бұл тұжырым, Президентке импичмент жасау туралы ере-