Page 108 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

1995 жылғы
к
онституция
107
Конституциялық Соттың бүкіл құрамымен, Жоғарғы соттың
мүшелерімен, ғалым-заңгерлермен кездестім. Олар осы
бір мемлекеттік органның біздегі үш жылдық қызметінің
тәжірибесіне және әлемдік қолданыстағы тәжірибеге сүйене
отырып, сонымен бірге Конституциялық Соттың қызметіндегі
болған кемшіліктерді ескере келіп, конституциялық сот ісін
жүргізуді реформалауды ұсынды.
Сонымен бірге осы реформаның үш түрлі нұсқасы
ұсынылды. Біреулері бұл органның ескі атын сақтай отыра,
оған Конституциялық Кеңестің функцияларын беруді
ұсынды. Алайда бұлай жасау ешбір логикаға сыймайтын.
Тағы бір нұсқада барлық сот функцияларын (сол сияқты
конституциялық бақылаудың функцияларын да) Жоғарғы
Сотқа біріктіру ойластырылды. Мәселені осылай шеш-
кен кезде конституциялық бақылау маңызының белгілі
дәрежедегі құнсыздануы айқын болатын, өйткені бұл
қызметін Жоғарғы Сот басқа да істерді қарай отырып қатар
атқарар еді. Президенттік басқару формасы жағдайындағы
Конституциялық Кеңес консти­туциялық заңдылықтарды
қорғау үшін құрылатын органның бірден-бір қолайлымоделі
болып табылады. Ол Конституцияға сәйкес қабылданатын
заңдарға тек конституциялық бақылау жасап қана қоймай,
сонымен бірге елімізде қабылданатын заңнамалық актілердің
сапасына кепіл болатын, өзінше бір қосымша сүзгі қызметін
атқаратын. Сонымен бірге ол саяси тартыстарданшет тұратын.
Содан бергі өткен жылдар Конституциялық Кеңестің өзіне
қойылған конституциялық құқықтар мен бостандықтарды
қорғау міндетін ойдағыдай орындайтынын көрсетті.
Конституциялық Кеңес заң шығару және қалыптылықты
ұғыну саласындағы істерді қарай отырып, мемлекеттік орган­
дар арасындағы келіспеушіліктерге төреші болып отыр-
ды. Оның қаулылары көптеген күрделі саяси шешімдерді
қабылдаужағдайында байсалдықолдаушыболды. Бұлжерде